Жоқшылық шыңдайды, тоқшылық тоздырады

Жоқшылық шыңдайды, тоқшылық тоздырады

Жоқшлықтан тоқшылық жаман! Олай деу себебім, бүгін балауса бала кездегі кумирларымның суреттерін кабинетіме іліп жатқанда түрткі болды.

 

Түн жамылып ұйқыға кетер алдында Гагаринмен космосқа ұшып, Бауыржан Момышұлымен бір сапта тұрып соғысып , Мұхаммед Алимен бірге жаттығу өткізіп, Мерлин Монроның киноға түсіп жатқан сәттерін бақылап, Валерий Харламовпен бір алаңда хоккей ойнап жүргенімді армандап жатып ұйқыға кететінмін. Мен сияқты сол кезде замандастарым да арман жетегінде талай шыңға шыққандары анық.

 

Ауылда 1975-ші жылдар, казіргі жағдай қайдан болсын, хокей алаңы түгіл, қарапайым ойын таяқтарын табу алтынға тең дүние еді. Қазақ үйдің уығын хоккей таяқшасының орнына пайдаланушы едік, жетпей жатқан сауыттарды қолдан тігетінбіз.

 

ФБ-да талай ауылдастарым отыр, сол азаматтармен күндіз оқу, үй жұмысын істеп, кеш-құрым бәріміз бас қосып құдықтан су тасып, хоккей алаңын жасайтынбыз. Содан тас қараңғы түн болғанша, ата-анамыз үйге қуып кіргізбейінше ақтер-көктер болып айызымыз қанғанша ойынға берілетін едік. Ауыл аясында көше-көше командаға бөлініп жарыс өткізіп те жүрдік. Осы бастамалардың бас қасында бірде-бір үлкен кісілер жүрмейтін, бәрі таза балалық талпыныстан туындайтын.

 

Жәй бір қарағанда ойын болып көрінгенмен, жоқтан бар жасау, алдыға қарай ұмтылу мен қатар, мақсатыңа жету жолында еңбектеніуді үйреніп жатқан екенбіз.

 

Есейгенде сол тірлігіміздің тек жемісін жедік. Шаршауды білмейсің, әрдайым шеберлігіңді шыңдаумен уақыт өтеді. Біздің уақытта өзіңді баршаға таныту бәсекелестігі мықты және ауыр болса да, қаншама әлі күнге дейін пір тұтып жүрген азаматтар топ жарып шықты - Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақпаев т.т.б.

 

Казір мүмкіндік сұраныстан асып тұр. Зөулім спорт кешендері, өкінішке орай қаңырап бос тұр. Спортпен айналысып, бойға күш-жігер жинау, төзімділікті шыңдау еңбекті талап етеді.

 

Әрине, желіде отырып, телефон шұқылау жаныңды ауыртпайтын тірлік. Дегенмен, бойыңды улайтын кесапат!

 

Халық ақшасына, халыққа деп салынған ғимараттардың берерін молынша пайдалансақ тамаша болар еді!

 

Жоқшылық шыңдайды, тоқшылық тоздырады. Шамамыз келгенше жас ұрпаққа сұрағанын әпере бермей, ақылымен аяқ-қолын жыбырлатуға итермелейік. Одан кәрілігімізде біз ұтамыз, ер жеткенде өздері ұтатыны айдан анық.

 

Ұрпағымызды масылдыққа баулап, бойларындағы асылдықты тұншықтрып алмайық!!! 

 

Рашид Жаксылыков
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста