Сен тұр - мен айтайын!

Жуандау сәл енді... но, бәрібір күшті

  • Жуандау сәл енді... но, бәрібір күшті

    Жуандау сәл енді... но, бәрібір күшті

Біздің подъезден кейінгісінде тұратын бір келіншек бар. Дәу болғанда дәу! Кескін-келбеті де аса келіспей қалған. Алғашында ер кісі деп қалдым. Сосын иығына түскен шашын көріп, әйел екенін білдім.

Шынымды айта салайын "мә, осындай да әйел болады екен ғой. Не деген ебедейсіз, қылықтары да "гүрс-гүрс" еткен бірдеңе..." деген ой келді.

Содан бері ол кісімен бірнеше рет дүкенде, аулада, үйдің жанындағы салонда кездесіп қалып жүрміз. Мен бекер олай ойлаған екенмін! Ондай әйел жоқ сияқты, тіпті! Сөйлеген кезде үнінде бір сиқыр бар. Әр сөзін әдеппен, байыппен, ерекше мейіріммен айтқанда бар ғой, еріксіз тыңдап тұра бересің. Жуандау сәл енді... но, бәрібір күшті.

Кеше "сәлеметсіз бе, көрші. Келіңіз, үйге дейін көтерісіп жіберейін" деп, қолымдағы азық-түлік толы пакетті ала салды.

Бүгін. Сол үйдің бір пәтерінде тұратын ешкімге жақпайтын, үнемі жанжал іздеп тұратын бір орыстың кемпірі бар. Соған иіліп сәлем беріп, қолындағы инжирінен (1 келі шығады, көп болса) бірнешеуін тастап кетіп бара жатыр. Аулада бала жыласа да сол кісі көндіріп, ойнатып жүргені... Үстіне түрлі-түсті нешетүрлі көйлек киіп, моншақ тағып, әтірін бұрқыратып шығады, есіктің алдына шықса да... Үнемі көңілді жүреді. Оның бәрін "ішім жылып" қалған соң ғана байқап жүрмін)

Айтайын дегенім, адамның сыртқы келбеті дым да рөл атқармайды екен ғой! Ішкі мәдениеттің жоғарылығы деген сұмдық екен! Маған дәл қазір сол келіншектен өткен сұлу жоқ сияқты.

Мысалы жаңа кешқұрым көріп қалдым. Жұмыстан келе жатқан болуы керек. Үйіне кіре берісте бір көршіге үй алудың жолдарын тәптіштеп тұрып айтып жатыр. Қандай сауатты түсіндіреді!

Жақсы көріп кеттім. Жаны қандай көркем еді!

Әлия Құдайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан


Көрілген: 24176    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 19:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31