Сен тұр - мен айтайын!

ЖҰБАЙЛЫҚ ӨМІРДІҢ БАЯУ ЖАРЫЛАТЫН «МИНАСЫ»

  • ЖҰБАЙЛЫҚ ӨМІРДІҢ БАЯУ ЖАРЫЛАТЫН «МИНАСЫ»

    ЖҰБАЙЛЫҚ ӨМІРДІҢ БАЯУ ЖАРЫЛАТЫН «МИНАСЫ»

Қазіргі жастар өз ортасында ата-аналарын сықақтап, мазақтап отыратын жағдайлар жиі ұшырасады. Бұл өте ұнамсыз, көргенсіз жайт. Мұндай жағдайлар әсіресе жар іздеген қыз бен жігіттердің келешегі үшін баяу жарылатын «мина»!

Болашақ жарының алдында әкесі мен анасын мазақтап немесе түрлі қылықтарын келемеждеп отырған жігіт сөз жоқ, ертеңгі күні отбасылық проблемалардың ортасында қалады. Иә, ол әке-шешесін жақсы көретін. Алайда олардың өзіне ұнамайтын мінездері мен қылықтарын айналасына жария қылып, күлкі ете беретін. Мұндай жігіттің келіншегі түскен күннен атасы мен енесіне қырын қарайды. Туған ата-анасын күйеуі менсінбей тұрса әйелінен не күтерсің?
Өзінің туған әке-шешесі мен туыстарын болашақ күйеуінің алдында менсінбей күлкі етіп, «дураки», «идиоты» деп төмендетіп жүрген қалыңдық тұрмысқа шыққан соң қорғансыз қалады. Айналасы өңкей бейшара, ішіндегі жарқырып тұрған «жұлдыз» өзі ғана екенін көрсеткісі келген қыз көп ұзамай өз қателігінің «жемісін» жейді. Келіншегінің арқа сүйер ешкімі жоқ екенін сезген күйеуі бірден басынушылық мінез көрсете бастайды. Оның арты неге соғатынын айтып жатудың өзі артық. Ата-анасын менсінбеушілік – өз тағдырын өзге бағытқа бұрушылық.
Шариғат жолында да ата-анаға үнемі құрмет көрсету керектігі айтылады. Отбасын түрлі бәле-жаладан сақтайтын да сол имандылық қағидалары. Жас жұбайлар жақындары туралы жаман сөз айтпағаны абзал. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген. Сөз – бумеранг! Қайта айналып қасқа маңдайға тиюі әбден ықтимал.

www.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 880    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 09:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30