Сен тұр - мен айтайын!

"Жұлдыздардың" иттерінiң ылыққанын көреміз әлі...

  • Арман Сқабылұлы

    Арман Сқабылұлы

- Бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова өзін "жұлдыз емеспін деп есептейді, - деді маған бүгін бір ағамыз. -Атағы жер жарған Роза Рымбаева да, елінің еркесі Мақпал Жүнісова да солай деп отыр. Сонда қалғандарына "жұлдыз" деген атауды кім жапсырып қойған? Өздері ме?

- Қайдан білейін, - деп иығымды қиқаң еткіздім. Шынымен де бұл мәселені ойланған жоқ екенмін. Ағам өз сауалына өзі жауап берді.

- Оны ойлап тапқан, болсын,болмасын әркімге жапсыра беретін сендер-журналистер ғой. Қаптап кеткен "жұлдызды" бағдарламаларды кім жасап жатыр екен? Сенбесең атауларын қарашы! "Жұлдызбен жүздесу", "Жұлдызбен тілдесу", "Жұлдызбен ...у" болып кете береді. Аты солай болса оған қатысқан адам да жұлдыз болып шықпай ма? Газет, журналдың атауы да солай. Енді жүріңдер олардың т...н, с...ндерін аңдып.

"Соңғы сөздеріңіз артықтау, аға!" дегім келіп тілімді тістей қойдым. Оған да жетіп қалған екенбіз ғой. Әжетхананың ішінен репортаж жүргізбесек те өзіміз ойлап тапқан "жұлдыздардың " іш киімінiң түсіне дейін біліп отыратын болдық. Сенбейсіз бе? Кешелі, бүгінгі "жұлдызды " жаңалықтарды қарай салыңыз. Әнебір әнші қызымыз әлдебір атақ алып, ұланасыр той жасапты. Жасай берсін-ау, енді тойдан түскен ақшаны суретке түсіріп, "осынша көрімдік алдым" деп мақтануда. "Түк көрмегендей" дейсің енді мұндайда. Ұят-ай! "Ойбай әнебір әнші төбетіне қалыңдық іздеп жатыр" деп жар салды бүгін тағы біреу. Бізді төбетке қаншық тауып береді дей ме екен? Ағам дұрыс айтады. Ертең біз сол "жұлдыздардың" иттерінің ылыққанын да көрсетіп жатсақ таң қалмаңыз! Өйткені ол да "жұлдызды" жаңалық қой.


Арман Сқабылұлы

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 2082    Пікірлер: 1

бейсенбі, 15.01.2015, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30