Жүректің қатаюы мен көрлігі тоқтыққа байланысты екен...

Жүректің қатаюы мен көрлігі тоқтыққа байланысты екен...

Рамазан да жақындап қалды. Дайындық болса, мәз емес.
Рамазан жақындаған сайын достармен бас қоса қалсақ, «Ораза ұстап, күні бойы аш жүргендіктен, кешкісін астың басында «аттың басын» жіберіп қоя береміз, өз-өзімізді қалайша тізгіндесек болады?» деген әңгімелерді жиі ести бастадық.
Бәріміздің проблемамыз осы ғой. Рамазанда ғана емес, былайғы уақыттың өзінде де осындай осалдығымыз бар.
«Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар,
Азамат ердің баласы аз ұйықтар да, көп жортар», – деуші еді Махамбет Өтемісұлы.
Бізге салсаң, екеуінен де жұрдаймыз. Сондықтан да, не деп ақыл айтамыз?
Одан да, сөзді дуалы ауыз жандарға, Алланың әулие құлдарына бергенді жөн көрдік.
Рамазан айы келгенше, ИМАМ ҒАЗАЛИДІҢ «АЗ ЖЕУДІҢ ПАЙДАЛАРЫ» жайлы айтқан кеңестері мен ақылдарына құлақ түре отырайық.
Пайғамбарымыздың: «Асқазанын аузы-мұрнына дейін толтырған жанға көктердің мәләкуты (бес сезім мүшесімен біліп болмайтын періштелер мен рухтар әлемі) көрсетілмейді», – деген хадисін алдыға тартқан Имам Ғазали аштық пен аз тамақ жеудің он пайдасының біріншісі мынау дейді:
«Бірінші пайдасы: Аштықта жүрек саф және нұрлы болады. Ал тоқшылық – адамның жүрегін көр етіп, ой ойлап, пікір жүгіртуіне тұсау болады.
Көп тамақ жеуден пайда болатын бу миға шауып, адамның ақымақ болуына жол ашады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:
«Аз күлумен жүректеріңді тірілтіңдер. Аштық және аз жеумен тазаланыңдар. Өйткені, жүрек аз жеумен саф және жұмсақ болады».
Сондай-ақ, былай деген:
«Тыңқия тамақ жеу арқылы жүректеріңдегі мағрифат нұры сөніп, хикмет нұры көзден ғайып болмасын. Өйткені, мағрифат – жәннат жолы. Ал аз тамақ жеу де – жәннаттың қақпасын қағу боп табылады».
Демек, жүрек көзінің ашылуы мен хикмет қазынасының табылуы – аз жеуге байланысты болса, жүректің қатаюы мен көрлігі тоқтыққа байланысты екен.
Хакім Абайдың:
«Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық –
Аздырар адам баласын...», – деуінің мәнісі де осы болса керек.

Салтан Сайранұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста