Сен тұр - мен айтайын!

"Журналист тек біздің сөзімізді сөйлейтін болсын" дейді

  • "Журналист тек біздің сөзімізді сөйлейтін болсын" дейді

Баяғыда аймақта жұмыс істейтін әріптестерімізбен арада қызық түсініспеушілік болған.

–Сонда сіздер мақаланы ақшаға жазасыздар ма? – дейміз ғой таңғалып.

–Сонда сендер тегіннен-тегін жаза бересіңдер ме? – дейді олар көздері бақырайып.

Обшым бір-бірімізді түсінбегенбіз.

Ал бүгін "қырық бесінші жылдан кейін көрмеген" бір танысым телефон соқты. Журналист керек екен. Менің журналист екенім есіне түсіп, телефон нөмірімді тауып, хабарласқан беті екен. "Жақсы, егер нақты проблемаларыңыз болса, мен 31-арнадағы Иринаның нөмірін берейін", – дедім. Негізі өте маңызды мәселе. Сөйтсем, "бірақ олар тек біздің сөзімізді сөйлейтін болсын" дейді. Журналист деген біреуді жақтап, екінші біреуді даттаушы емес, ол адвокат не прокурор емес, бар болғаны журналист екенін, ол тек барды бар, жоқты жоқ деп айтатынын, көрген-білгенін ғана айта (жаза) алатынын әйтеуір түсіндіргендей болдым. Түсінді ме, жоқ па, білмеймін.

Өкінішке қарай, журналистің қызметін осы тұрғыда түсінетіндер көптеу болып тұр. Оған ең алдымен өзіміз кінәлі шығармыз.


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30