Сен тұр - мен айтайын!

Жұртты жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру меніңше, ұятсыздық!

  • Жұртты жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру меніңше, ұятсыздық!

    Жұртты жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру меніңше, ұятсыздық!

 Онсыз да мең-зең боп отырған жұртты жылатып, кемсеңдетіп, жәутеңдетіп, қолына тамақ ұстатқан күйі телміртіп суретке, видеоға түсіру меніңше, ұятсыздық! Тықақтап, жапа шеккен адамның алқымынан алып: “не айтасыз? Ризасыз ба? Күшті боп жатыр ма, жағдайларыңыз?” деу, арсыздық, жан ауырмастық! Это вам не спектакль, құрметті хайп қуғыштар мен вниманиеге зәрулер! Құдай ақы, олай жасамаңдаршы! Неге осы бізде бәәрін үн-түнсіз, алаулатпай, жалаулатпай жасай салуға болмайды?! Бүгін бірнеше кісімен сөйлестім, үйі суға кеткендерден. Су басып, үйін шайып кеткен қасіретті қоспағанда, мына жаққа келгелі у-шу, абыр-сабыр, жаңағыдай ”түсірілімдерден” милары ашып, айтар сөзінен жаңылып қалған. Не болса да болып жатыр... Амал жоқ. Бәрі тезірек бір қалыпқа түссе екен.

Жан-жақтан артынып-тартынып, барын алып барып жатқан ағайынға, адамдарға Құдай еселеп берсін. Жақсы адамдар көп қой. Осындайда жамандар көрінбей қалады, жақсылардың тасасында қалып. Бүгін бір апамның: “ұл-қызыма, ағайын-туысыма айтып, бірігіп, ана адамдардың арасынан бір отбасына үй салып берсек деген ойым бар” дегенін естіп, мейірім дегеннің шексіз екендігіне көзім жетті.
Тек, өтініш, қатты перебор жасап, біреудің көз жасынан, тұралап тұрған тағдырынан кино жасап, өң мен түстің арасында үрейленіп отырған жұрттың эмоциясымен ойнай бермейік. Ол қалай болғанда да жақсы көрінбейді...
Мені “мынау кім сонша?” деп, жат көрмеңіздер, мен сол топырақтың қызымын. Мені жеккөрмеңіздер, айтсам, достығым!

facebook.com  парақшасынан 




Көрілген: 1271    Пікірлер: 0

жұма, 08.05.2020, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31