Жұрттың қалтасын тонауды қашан қоямыз осы?

26 мамыр 2021, 10:50

Отырып алып елден ақша жинайтындар көбейіп кетті осы иә? Елдің бәрі шетінен біреуді құтқарғыш, біреуге көмектескіш боп алған ба деп қаласың кейде. Ашықтан ашық "анаған 100 теңге", "мынаған мың теңге" деп салық салғандай, бермесіңе қоймайды. "Бәленше бәлен баласымен үйсіз жүр екен" деп. Бәріміз де бәлен жылдап үйсіз, біреудің үйін жалдап жүрдік қой. Шүкір, өлгеніміз жоқ. Есесіне қимылдадық, әрекет еттік. Әлі күнге банкке берешекпіз, үйлі болғанмен. Яғни, өз қамымызды өзіміз жасап, тырбанып еңбек етеміз. Біреуге алақан жаймай, міндет қылмай.
Онсызда пандемия бір жағынан, екінші жағынан инфляция оңдырмай тұрған жұрттың қалтасын тонауды қашан қоямыз осы? Бір кездері 5000 кәдімгі ақша еді, қазір тіпті 10 мыңның да құны жоқ. Себебі баға өскенмен, айлық со күйі. Ендеше онсызда өзі қайыршыдан сәл-ақ күйлі халықты қинай бермеңдерші. Ұятына тиіп, бермесіне қоймай. Ол адамдыққа жатпайды ғой. Осыны бақылап отырған адам бар ма? Кім білсін, түбірін қопарсақ, бәлкім талай алаяқтар ұсталатын шығар. Шын мүсәпірге жетсе бір сәрі...

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан