Сен тұр - мен айтайын!

Жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған отбасылардың жағдайы нашарлай түскен...

  • Жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған отбасылардың жағдайы нашарлай түскен...

    Жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған отбасылардың жағдайы нашарлай түскен...

Әлем үлкен трансформацияны бастан кешуде. Пандемия үлкен өзгерістердің басында тұр. Бұның соңы не болуы мүмкін? Қазірдің өзінде әлем елдері бұрын жасамаған реформаларды жасап жатыр. Оның басым бөлігі экономиканы сақтап қалуға бағытталған.
Африка елдерінде экономикалық реформалар жасау қиындығына байланысты, соңғы айларда көтерілістер көбейді. Әсіресе ескі сепаратистік толқулар қайта басталып, біраз аймақта қарулы қақтығыстар күшейді. Жалпы Африка Құдай ұмыт қалдырған құрлық қой. Аштық, соғыс, құрғақшылық. Енді міне соның бәріне пандемия отқа май құйғандай әсер етуде.
Азия мемлекеттеріне де пандемия қатты әсер етуде. Таяу Шығыста біраз елдің ішкі тұрақтылығын шайқап жатыр. Мысалы Ливанда жағдай пандемия басталғалы нашарлап кетті, қазір көшеде қақтығыстар болып жатыр. Иранда да толқулар басылар емес. Энергия тапшылығынан басталған толқулар режимнің құлауын үндейтін қарсылыққа ұласып жатыр. Себебі экономика нашарлап кеткен. Сыртқы санкциялар алқымнан алып тұрғанда, пандемия экономикаға жығылғанға жұдырық болды.
Орталық Азия мемлекеттері де мәз емес. Бесеуінің де жағдайы нашарлап кетті. "Өзбек озды" деген дүние спортта жүрсе де, экономикада бесеуінің де экономикалық көрсеткіші нашарлауда. Аймақтық рейтингте өзара ІЖӨ көрсеткішінің артуын салыстырып, "кім мықты" дегенге салыстыру жүргізуге болар, бірақ халықаралық деңгейде әрине ол мүмкін емес. Мысалы Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстанда пандемия салдарынан еңбек мигранттарының сыртқа шығу мүмкіндігі де, саны да азайды. Сыртқа шыққан күннің өзінде басты бағыт Ресейдің өзінде жағдай мәз емес. Сондықтан сырттан капитал аударымы азайған. Ал бұл аталмыш елдердің ішкі тұрақтылығы мен халқының әлеуметтік жағдайына да тікелей әсер етуде. Өйткені әңгіме жүздеген адам емес, жүз мыңдаған адам жайында болып отыр. Демек жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған отбасылардың жағдайы нашарлай түскен. Түркіменстандағы жағдайды да көріп отырмыз. Онда тіпті азық-түлік тапшылығы да байқалуда. Қазақстан болса өзінің Ұлттық қорын кеміріп, ортайтып тастады. Жұмыссыздық саны да артуда. Бір сөзбен айтқанда жағдай мәз емес.
Алдағы бес жылда біз үлкен өзгерістердің куәсі болатын сияқтымыз. Тығырықтан жол тапқандар сәтті экономикалық реформалар жасап шығады, ал таба алмаған елдерде ішкі толқу, ереуіл, тіпті қақтығыстар болуы ғажап емес. Бұл процесстер жалпы әлем бойынша болады.
ПыСы: Әлеуметтік жағдай нашарлаған сайын, билікке деген сенім капиталы кеміп, қарсылық көңіл-күй артады. Терроризм, экстремизм, радикалдық қозғалыстар жұмыстарын жүргізуге тырысады. Сепаратистік күштер де белсенді қимылдауға көшеді. Бұл жалпыға белгілі дүние. Одан әуелі Алла, артынша есті реформа (бізде оны кім жасайды) сақтасын.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1155    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.08.2021, 10:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31