Сен тұр - мен айтайын!

Жыл сайын мемлекетті тонау жемқорларға тиімді

  • Жыл сайын мемлекетті тонау жемқорларға тиімді

    Жыл сайын мемлекетті тонау жемқорларға тиімді

Астананың былтыр жөнделген жолдарының күл-талқаны шыққан. Бұл елге қашан тәртіп келеді? Машинам быт-шыт болды. Бөгенбайда екі шұңқырға түстім. Бір жыл болмаған жол жөндеуінің шығынын кім өтейді? Әлде мемлекеттен шыға ма? Бас қала жолдарының 70% шұрық-тесік. Неге бұл жолдар жоқ дегенде 10 жылға жететіндей етіп істелінбейді? Ауа-райына сілтеу қисынсыз. Ауа-райы күнде мың құбылатын, жерасты суы бізден он есе көп солтүстік, солтүстік-батыс еуропа қалаларындағы көшелеріне төселген асфальт жарты ғасырға дейін жатады. Қазақстанда да шетелдік компаниялар істеген жолдар жылдап мыңқ етпестен жөндеусіз тұрады. Егер жергілікті жол жөндеу компанияларының миы кем болса неге Еуропалық компанияларды нарыққа кіргізбеске?! Қымбат болса да бір рет шығындаламыз. Биыл көзімізді бақырайтып, тағы да жол жөндеуге млрд-тар жұмсайтындары анық. Себебі, сол тиімді. Жыл сайын мемлекетті тонау жемқорларға тиімді. Бәлкім, жөндеуді бұрыңғы мердігер өз есебінен жүргізеді деп сендіретін шығар биліктегілер. Бірақ, соның расымен солай болатынын кім көрді? Ешкім! Меніңше, мемлекеттің әр жұмсалған қаржысын бақылайтын тәуелсіз, қоғамдық комиссия құру керек. Және ол комиссия әр тоқсан сайын жаңарып тұру қажет. Мен мұндай жемқор қоғамда тұрудан шаршадым! Сіз ше?! 


Азамат Кеңесұлы


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.05.2019, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31