Сен тұр - мен айтайын!

Жылда ауыстыратын асфальттың бір пайызын драматургтерге бөлдіртіңіздерші?!

  • Жылда ауыстыратын асфальттың бір пайызын драматургтерге бөлдіртіңіздерші?!

    Жылда ауыстыратын асфальттың бір пайызын драматургтерге бөлдіртіңіздерші?!

Мақпал Мыса, Erlan Sairov достарым, сіздерге өтініш - қазақ драматургтеріне арнайы статьямен Мәдениет министрлігіне қаржы бөлдіріңіздерші?! Театр таңдаған пьесаларды сатып алғанға бөлгізіп отыратын болса - драматургияға деген ықылас күшейер еді. Соңғы бес-алты жылда мықты жас драматургтер бой көтерді. Әттегені - пьесаларын театрларға саталмайды!..Сатқан күнде, 300$ асырмайды. Масқара қорлау ғой?! Мына түрімен драматургияны ысырып тастауға мәжбүр боп, киноға ауысып жатқаны қаншама?! Театр басшылары "төлейтін ақша жоқ, пьеса сатып алуға арнайы қаржы бөлінбеген?"-деп, аузын қу шөппен сүртеді. Бір жағынан арнайы статьямен ақша бөлінбегенсоң оларды да түсінесің. "Оңып жатқан Оспан жоқ" деп апам айтпақшы, ойсыраған экономиканың "жалмауыз кландар" жойылмайынша орнына тұруы еш мүмкін еместігіне көзіміз жетті. Ұлттың дәстүрі мен тілін сақтайтын театрдың басты құндылығы - драматургия! Ал, драматургтердің - сапасы тілге тиек етуге тұрмайтын асфальт құрлы қадырі жоқ! Бүгінгі "жалмауыздардың" да күні өтіп - театр іздейтін, қазақ драматургиясын іздейтін болашақ келгенде, не көрсетеміз? Ел байлығына санаулы отбасынан асып езуіміз қышымайтын болғаны қашан?.. Тым құрыса жылда ауыстыратын асфальттың бір пайызын 1% бөлдіртіңіздерші?!

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1485    Пікірлер: 0

жұма, 19.02.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30