Сен тұр - мен айтайын!

ЖЫЛҚЫБАЕВ ЖҮРГІШ ЕКЕН!

  • ЖЫЛҚЫБАЕВ ЖҮРГІШ ЕКЕН!

    ЖЫЛҚЫБАЕВ ЖҮРГІШ ЕКЕН!

 Жүргенде де сұмдық жүреді екен енді. Күндізгі сағат 10-11-лерде саңырау және нашар еститін балаларға арналған "Мейірім" түзету мекемесінен бастаған жүрісін, Шалғай Қарасудағы спорт кешенінің құрылысы басында қас қарая бір-ақ аяқтады. Бір күнде бақандай 25 нысан.

Кім жүрмей жатыр дейсіз? Жүргіштер көп қой. Бірақ бұ кісің жүрісі басқаша екен. Кей басшылар секілді әр нысанға барып, бетін көріп, кері кетіп қалмайды. Түкпір-түкпір, қуыс-қолтығының бәрін аралап жүріп алады екен. Нысан иелеріне де түрлі сұрақ қойып титықтатып, тапсырма беріп болдыртып кетті.  Бір кісідей жүрісі бар менің өзім 19-шы нысанға келгенде көзім қарауытып, басым айналып... Хюррем хатун құсап талып қалам ба деп қорқа бастадым ғой. Сөйттім де технично үйіме тайып тұрдым. ол жайлы ешкім біліп қоймасын. Байқағаным, аузы берік! Ертеңгі күні тамақ ішіп әлденіп жүргенде қалай болар екен деп қорқып отырмын енді. Жүрісіне журналист мен ілесе алмай жүрмін, анша-мұнша қарны бар басшыларды күні бойына қасына ертіп жүрсе қалай болар екен деп қоям тағы. Не болса да жүргіш басшыға ілесу үшін жақсылап жаттығу керек болды .




Көрілген: 952    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31