Сен тұр - мен айтайын!

Жыныстық дискриминацияға жол жоқ

  • Жыныстық дискриминацияға жол жоқ

    Жыныстық дискриминацияға жол жоқ

Біздің елімізде "қыздарды оқытпау керек" дегендей идеяларды көзі ашық деп жүрген көкелеріміз айтып жүргенде, жұрттың қыздары Америка тарихындағы алғашқы әйел вице-президент, алғашқы қаранәсілді вице-президент, алғашқы азиялық текті екінші тұлға қызметіне қол жеткізіп жатыр.

 

"Қыздарды оқытпау керек" деген идеяны теріс ағым өкілдеріне тарату маңызды шығар. Бірақ біз жүз жыл бұрын бұдан өттік: Алаш қайраткерлері орыстан, татардан қыз алды деп налимыз. Алды, себебі өзімен теңдей сөйлесе алатын, ақылдаса алатын адам іздеді.

 

Тарихтан сабақ алу керек. Ұл да, қыз да оқуы керек.

 

Білімге ұмтылғанда араб әлемі де медицина, математика, астрономия, т.б. ғылымдардың ордасы болды. Білімнен алыстағандар діннен де, адами құндылықтардан да алыстады.

 

Қазіргі қыз-келіншектер білім алып та, ұрпақ өсіріп те, кәсіп жүргізіп те үлгеріп жүр ғой. Қайта жігіттер ілесе алмай қалды...

 

"Тегіңді сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле"- дейді. Білімнен, ғылымнан алыстау - надандық.

 

Ал, қызды оқытпадыңдар делік, ұрпағыңды кім бағады (балабақша қызметкерлерінің 100 пайызы әйелдер), кім оқытады (педагогтардың 90 пайызы әйелдер), кім емдейді (медицина саласының 70-80 пайызы әйелдер), тағысын тағысы...

 

Алаш қайраткерлерінің арманы - білімді, көзі ашық ұрпақ еді. Кері кетпейік. Білімді мыңды жығады.

 

Сөзсіз, жыныстық дискриминацияға жол жоқ. Қайта құқықтық нигилизммен күресіп, дискриминация жасап жүргендерді орнына қою керек.

 

Суретте - Камала Харрис, үнді тілінен аударғанда "лотос гүлі". Университетте сабақ беретін ата-анасы бұл гүлдің білім көкжиегінде жайқалып гүлдеуіне көп еңбек еткен. Міне, нәтиже!

 

 

Камшат Тасболат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1567    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 22:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31