Жыныстық инстинкттерге бой алдырып, қадір-қасиетінен, абыройынан айырылғандар

26 қазан 2020, 01:03

Инстинкт

 

Адам баласы қандай болсын әрекеттерге баруы инстинкттеріне бағынатындығымен негізделеді. Алайда, адамды жер бетіндегі жануарлардан ерекшелейтін нәрсе, ол интеллектісі, санасы, ақылы.

 

Баяғыда бір ғұлама айтып кетіпті: "Адам, өзінің қадір-қасиетін сақтап қалу үшін, оның өзінің инстинкттеріне негізделген қалауына ақыл-санасымен қарсы тұра алатын қабілеті болуы керек".

 

Қазіргі елдегі қоғам - жануардың инстинкттеріне бағынатын қоғам. Бүкіл елді басқарып отырған адамнан бастап оған бағынған сасық жүйенің ең төменгі деңгейіндегі "кішкене" адамға дейін.

 

Ең жоғарғы жақтағылары үстемдік ету, билеп-төстеу, басқару, басқаларға өз күшін дәлелдеу үшін инстинкте бағынып, осы бір тойымсыздыққа бар ақыл-санасы қарсы тұрып, төтеп бере алмайтын дәрежеге жеткен.

 

Келесі біреулер жыныстық инстинкттерге бой алдырып, қадір-қасиетінен, абыройынан айырылғандар. Басқаларын ең бір күшті "нәрсе" -қорқыныш басқаруда. Жалпы, қорқыныш инстинктке бағынудың ең бір шешуші факторы десе де болады.

 

Қазіргі қоғамда осы қорқыныш басым.

 

Мейлі, ол болашақпен оқып келген болсын, еш жерде оқымаған болсын. Журналист не жазушы, әнші не ақын болсын. Дәрігер не мұғалім болсын. Бизнесмен-латифундист не медиа-магнат болсын.

 

Санасы бірдей, құлдық сана...

 

Мүмкіндік болған кезде пайдаланып қалып, лауазымға жету, жымқырып қалу, керек адамдар деп кейіннен "әй, өзіміз -ай!"- деп қойып, ым-жым болып қүйтырқы әрекеттерге бару. Күнделікті көз алдыда орын алып жататын көріністер.

 

Алайда, осы әрекеттер сол адамдар үшін еш оғаштығы жоқ болып саналады. Дұрыс, қалыпты жағдай болып кеткен, жұрттан қалмау, жұрттан озу үшін барын салады, өйткені табын инстинкті жаулап алған.

 

Бұл табынға барлық адамдар кіреді.

 

Табыннан шыққан адам бар ма?

 

 

Гульнар Багашаровна

Фейсбуктегі парақшасынан