Қабыл болған дұға және садақа келе жатқан бәлені қайтарады

Қабыл болған дұға және садақа келе жатқан бәлені қайтарады

«Садақа бәлені қайтарады және өмірді ұзартады.»
Осымен бір емес, бірнеше мәрте аңғардым: ақшадан қысылып немесе жаның құлазып, өзіңді қоярға жер таппай кеткен кезде қалтаңда барын қайырымды іске бере салсаң (мейлі ол 100 теңге, мейлі 1000, мүмкін 10 мың болар, сомасы маңызды емес) ол өзіңе он есе, тіпті одан да көп болып қайтады. Және көп ұзамай. Сосын хабарсыз кеткен адамдар кенеттен қоңырау шалып, жағдайыңды сұрап, таң қалдырады. Күні кеше менде солай болды. "Бір отбасы көмірсіз отыр екен, соған ақша жинап жатырмыз, қосыласыз ба? " деп, жазды ортақ чатта. "Әрине, қыстың қылышын сүйретіп келгені мынау. Ондайда қалай жоқ дерсің. Күндіз жинап бастадық. Кешке уже сол үйдің есігінің алдына төгілген көмірдің отчеті келді. Адам жаны дегенмен мейірімге толы ғой. "Бір отбасы бүгін жылы ұйқтайтын болды-ау" деген қуаныш төбемізді көкке жеткізіп тастады. Содан бүгін оянсам дала әппақ қар. "Мәссаған, Құдай қандай шебер ә, бір күн кешіккенде әлгі үй мына суыққа қалады екен ғой" деп ойлап үлгергенімше болған жоқ, телефоным шырылдады, Ақұштап Бахтыгереева апайым! "Амансың ба, қызым, айналайын?!" деп қоңырау шалып тұр. Ол кісінің осындай себепсіз іздеп, қуантатын әдеті бар. Және үнемі бір құлазып жүрген шағымда хабарласады. Бейне сезетін секілді. Қанша дегенмен, ақын адамдар сезімтал келеді. Әйтеуір алыста жүрсе де, мені ойлайтын абзал жандардың бірі сол кісі. Сөйлесіп, жаным жадырап қалды. Содан тұтқаны қоя салсам, Алия Кудайбергенова бастығымнан хабарлама кеп тұр "Авансың" деген) Әлі басталмаған түсірілімге қаламақымызды беріп тұр ғой. Демек, Құдайдың бергені!
Бұл жердегі мақсатым бір мақтану емес, қайырымдылыққа жасаған бір қадамның "тосынсыйы". Жалпы, «Садақа бәлені қайтарады және өмірді ұзартады» дейді. Ол туралы мынадай аңыз, Құраннан келтірілген бір оқиға бар:
Бір күні Иса алейһиссалам асхабымен бір жерге бара жатқанда жолда кір жуып жатқан адамды көріп, сәлем беріп өтеді. Ол жерден біраз алыстағаннан кейін Иса алейһиссалам:
- Қайтарда бұл адамның жаназасына дайын болыңдар,- дейді. Кейін қайтар жолда әлгі адамның тірі екенін көреді. Бұған таң қалған Иса алейһиссалам Жәбірейіл алейһиссаламнан (уахи жеткізуші періште):
- Йа Жәбірейіл! Бұл адамның өлетіні маған білдірілген еді. Алайда өлмепті. Себебі не?- деп сұрайды. Сонда Жәбірейіл алейһиссалам:
- Йа Иса, ол адамды жуылған кірлерінің арасында жатқан қара жылан шағып өлтіруі керек еді. Бірақ, ол адам садақа берген еді. Сонысы қабыл болып, өмірі ұзартылды,- деп жауап берді. Осы сөзден кейін әлгі адам кірлерінің арасын қарағанда қап-қара өліп қалған жыланды көреді.
Қорыта айтқанда, қабыл болған дұға және садақа келе жатқан бәлені қайтарады. Келген бәлелердің кетуіне, өмірдің ұзаруына себеп болады. Пайғамбарымыздың алейһиссалам хабар бергеніндей: «Садақа бәлені қайтарады және өмірді ұзартады.»

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста