Қабылданғалы жатқан "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасында мұғалімді қорғайтын бап жоқ

04 қазан 2019, 12:36

Мұғалімге "мәртебе" мен "абыройды" ешқандай заңмен бекітіп бере алмайсыз..
Ол азаматтың өзінің білім-білігі мен жеке азаматтық ұстанымына қатысты дүниелер...

Қабылданғалы жатқан "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасында мұғалімді қорғайтын бап жоқ.

Жобаның ең маңызды тұсы осы заңның 5-бабы...

Осы баптың 2-тармағына назар аударыңыздар..

"Педагогикалық әдеп қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді" деп тұр.

Әлгі уәкілетті орган "Мұғалім қабылданған заң мен білім беру мекемесінің жарғысын мүлтіксіз сақтауы тиіс" деп, мектеп жарғысына "Мектеп қабырғасында болып жатқан жағдайларды жариялауға тек педкеңес қана құзіретті" деген секілді бап енгізіп жіберсе, осы көрген күнімізге зар боламыз..

Ал өзге баптары сылдыр сөз..

Мәселен "Педагогті міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуға жол берілмейді" дейді..

Жол берген басшыға қандай шара қолданылады? 6 айдан соң өздігінен күшін жоятын #сөгіс пе?
Ол жағы нақтыланбаған..
Бұл заң жобасының қабылдануына жол беруге болмайды.

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан