Сен тұр - мен айтайын!

Кәдімгі кескен ағаш – оқтаудың өзін Қытайдан тасимыз...

  • Мақсат Мәліков

    Мақсат Мәліков

Кешкілік үйге жету үшін Қалқаманнан әрі қарай таксиге отырамыз үнемі. Әрі кетсе 7-8 минуттық жол.
Содан бүгін такси аз болып, көңіл сыйса бәрі сияды деп, бір таксиге 6-7 адам тиеліп отырып алдық. Машина жүргеннен бастап шопыр әңгімесін бастады. "Кешеден бері бензин жоқ. Талон сұрайды, оны қарапайым таксиге кім біреді. Түрлері жаман, 150 теңгеге қымбаттатып тынады-ау" деді ол.
Осы сәтте жолаушының біреуі іліп әкетіп: "Өзбек құрлы жоқпыз. Олар бәрін өз тілінде жасап жатыр" деді. Тағы бір жолаушы: "Өстіп-өстіп Ресейге қосылып кетпесек жарар еді... Құдай сақтасын!" деді. Тағы бірі: "Ең болмағанда сіріңке шығара аламаймыз, неменесіне жыртыламыз" деді. Мен де қарап отырмай: "Сіріңкені айтасыз, кәдімгі кескен ағаш – нан илейтін оқтаудың өзін Қытайдан тасимыз ғой" дедім.
Осы сәтте радио қосулы тұрған. Әр жақтан: "Құзырлы орындар Ресейден және тағы басқа елдерден бензинді тонналап сатып алып, бензин жетіспеушілігін жоямыз деді" деген жаңалық оқылды.

Артқы жақта отырған тағы біреу: "Еее. бүйткен мұнайың бар болсын" деді. «Опшым» үйге түңіліп бір-ақ жеттім...
Мақсат Мәліков
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1976    Пікірлер: 1

бейсенбі, 30.10.2014, 08:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31