Қадірменді невротиктер, өтінем, өздеріңе нәтиже бермеген психологиялық әдістерді балаларыңа қолданбаңыздаршы
Пойызда бір қарындасым 8 жасар ұлымен келді. Жол бойына баласын қинап, "Визуализация жаса, дене - Алланың аманаты" деген сияқты ересектерге арналған сөздерді жаудырып, мотивациялық фильм қаратты, ал маған "аффирмация" маңызын ежелеп үйретіп, оның Құранда жазылғанын дәлелдеп және келді. Баладан ұққан сыңай көрмеген соң, сұрадым, "Аманат деген не екенін білесің бе?" - Нет. А что это?
Опыр-топыр дыбыстан оянып, тұрсам, апатайы алдында менімен бөлісем деп айранын төгіп алғаны үшін баласын төмпештеп, "есалаң, неғылған әкеңе ұқсаған алаңғасарсың" деп сабап жатыр екен.
Біреудің семьясын сынап-мінегенім емес, бірақ қадірменді невротиктер қауымы, өтінем сіздерден, өздеріңе нәтиже бермеген психологиялық әдістерді балаларыңа қолданбаңыздаршы.
.facebook.com парақшасынан