Сен тұр - мен айтайын!

Как будто біреуге сол чаттағылар керектей...

  • Как будто біреуге сол чаттағылар керектей...

    Как будто біреуге сол чаттағылар керектей...

ФЕЙК АҚПАРАТТЫҢ ЖҰМАҒЫ

"Туысқандар" атты уатсаптағы чат шулап кетті. "Не боп қалды" деп кіріп қалып едім, "Қазақстан Қытайға қосылғалы жатыр екен, біттік, құрыдық" деп еркектер қызылкеңірдек болып жатыр. "Оны кім айтты" десем, төмендегі картинканы жіберіп тұр. "Ол өтірік, фейк" деп жарты сағат түсіндірдім.
"Туысқандар" чаты деген жүйкені жұқартатын, фейк жаңалықтардың жұмақ мекені ғой шіркін. Былтыр "ойбай коронавирус деген мұсылмандарды қырғаны үшін Қытайға қарсы Құдайдың жазасы" деп шуылдады. Артынша "ұшақпен вирус шашып жүр, төгіп жүр" деп күнде ауылдың төбесінен ұшқан ұшақтардың видеоларын сол чатқа салып жүрді. Ол бағытпен ұшақтардың ұшқанына қырық жыл болған шығар. Оның бәрін қойып, "вакцина салсаң чип енгізіп тастайды екен, содан бақылап, қарап отырады" деп қуды. Как будто біреуге сол чаттағылар керек дей. Енді жартысы вакцина салды, ал жартысы салмай, "екі жылдан соң өлесің, қара да тұр" деп айтысып жүр. Қысқасы ондай чатта дені дұрыс ақпарат ешқашан болған емес. Сондықтан чатты ашпауға тырысамын, ашсам оқығанымды көріп, сұрақтар қоя бастайды. Ал ол сұрақтарға жауап беру барысында бір жүйке талшығым өліп, бір шашым ағарады. Оңай емес.
ПыСы: Мынандай фейктерді шығарғандарға қандай жаза бар? Әзіл ретінде шығарса да, кей халық сеніп жүр. Бірақ мемлекеттілік, тәуелсіздік әзілдейтін дүние емес.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2354    Пікірлер: 0

жұма, 06.08.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31