Сен тұр - мен айтайын!

Қала қазақтарының өмірі осылай қысылтаяң жағдайда өтіп жатыр, өтіп жатыр...

  • Қала қазақтарының өмірі осылай қысылтаяң жағдайда өтіп жатыр, өтіп жатыр...

    Қала қазақтарының өмірі осылай қысылтаяң жағдайда өтіп жатыр, өтіп жатыр...

Бала күнімізде ауылда көрші-қолаң бір-бірінен айыр, күректен бастап, нан, картоп, тітпі “мамам бір салым шәй бере тұрсын дейді” деп күнделікті тұрмыста алыс-беріс жасайтын. Оған ешкім кейімейді. Себебі, бәрінің тұрмыс жағдайы бір. Бүгін ол берсе, ертең одан сен аласың.
Таң, түс, мейлі кеш мезгілі болсын ағайын-туыс, көрші-қолаң жиі келеді. Қазіргідей алдын-ала бар-жоғыңды біліп хабарласып, рұқсат алу деген жоқ. Кіріп келеді. Немесе ит үреді. Шықсаң, шақырусыз құтты бір қонақ. Кіргізіп, орныңды беріп, төріңді ұсынасың, күнделікті жеп отырған, шай-тамағыңды бересің. Дастарқан туралы артық ой, әңгіме жоқ. Үлкендер арқа-жарқа әңгімелесетін...
Қазір сол кездегі бала-шаға бір-бір үйдің тұтқасын ұстап, әке мен шешенің орнын бастық. Сол айтқан аралас-құраластық сол заманмен бірге қалғандай көрінеді маған. Осы күні жақыныңды шақырып әрең келтіресің немесе өзің де жоспарсыз барудан қысыласың.
Біреу келу үшін әйелдер дастарқанына жүгіреді. Барсаң қысылып қала ма екен деп оны да ойлайсың... Қабат үйдің тұрғындары не көршісімен араласпайды, танымайды. Қысқасы, қала қазақтарының өмірі осылай қысылтаяң жағдайда өтіп жатыр, өтіп жатыр...
Бұдан қайтіп бауырмалдық дамысын? Туыстық қарым-қатынастың жайы не болмақ?! Балаларымыз бір-бірінен жат боп кетпей ме? Ойланыңдар!
Сананы тұрмысқа билетпеу керек. Тарыдай шашылған қазақтың бірігуі, ынтымағы үшін қарапайым көрінгенімен, бұл айтқаным аса қажет. Осыны орындасақ, ертең ұрпағымыз бір-біріне бауырмал боп өседі. Бауыры үшін бас қатыратын болады. Әйтпесе, жатпыз...
Бүгін бір қалада тұрып, неше рет шақырып келтіре алмаған бір бауырыммен сөйлесіп қалып едім. Содан қалған әсерімді жазып отырмын. Ол, жұмыстан қолы босамай жүргенін айтты. Әлбетте, қазақ бітпейтін қу тірлікке тап болған заман... Бірақ жұмыс деп жүріп арғы өмірге аттанып кетіп жатыр ғой...




Көрілген: 2063    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 14:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31