Сен тұр - мен айтайын!

Қалай десең де, бай-бағландарымыз киелі қазақ жерінен жұмыстарын жүргізіп, байып-көтерілді емес пе?

  • Қалай десең де, бай-бағландарымыз киелі қазақ жерінен жұмыстарын жүргізіп, байып-көтерілді емес пе?

    Қалай десең де, бай-бағландарымыз киелі қазақ жерінен жұмыстарын жүргізіп, байып-көтерілді емес пе?

Пандемия салдарынан көп адамның жұмысы тоқтап, халықтың тұрмыс жағдайы нашарлады. Нан табу оңай емес. Жұмыссыздық белең алған уақытта қаншама азаматтарымыз көмекке зәру. Еліміздің қалталы, ауқатты азаматтары осы ретте көптеп жомарттық танытса нұр үстіне нұр болар еді. Қалай десең де, бай-бағландарымыз киелі қазақ жерінен жұмыстарын жүргізіп, байып-көтерілді емес пе?
Азды-көпті сүрген өмірімнен түйгенім &ndash қандай белесті бағындырып, нендей жетістікке жетсең де, асып-тасудың еш қажеті жоқ, егер халқыңа азғантай болсын әкелер пайдаң болмаса, байлығыңның өзіңнен басқа адамдарға ешқандай көмегі болмаса &ndash бұл жақсылыққа апармайды.
Адам баласы бұл дүниеге аяқ-қол, дене, бас &ndash он екі мүшесі түгел болып жаратылады. Бұл Жаратушының сыйы, адам баласы мұның бәрін алып келеді. Егер Құдай маңдайыңа жазып, үлкен дәулет берсе, байлық берсе &ndash бәрі де маған ғана демей, ел-жұртпен бөлісу. Мұны жөнді пайдаланудың бір жолы &ndash мүмкіншілігінше қайырымдылықтан қашқақтамай, мұқтаждарға қолдау білдіру.
Түптеп келгенде адамның негiзгi мақсаты &ndash жақсылық жасау, бiр-бiрiне қызмет ету. Осы тұрғыдан алсаң, сенiң азаматтық қасиетiң де жақсарады. Бiреуге көмектессең, артынан өзіңді жақсы сезiнетін боласың. Алған адам емес, берген адам бақытты.
Біз көңілге жомартпыз, кеңбіз. Соны тағы бір дәлелдесек. Біздің бизнесмендеріміз, жағдайы жақсы азаматтарымыз күрделі кезеңде халықтың ықыласын алса, бәрі жүз есе болып қайтады.
Жомарт азаматтарымыз жетерлік, тыңғылықты жұмыс атқарып та жатыр. Осы бағыттағы жұмысты еселесе деген мақсатым.




Көрілген: 1467    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.01.2021, 13:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31