Сен тұр - мен айтайын!

Қалыңмалға бола тойдан бастарту деген масқараға қашан тосқауыл қойылады өзі?

  • Қалыңмалға бола тойдан бастарту деген масқараға қашан тосқауыл қойылады өзі?

    Қалыңмалға бола тойдан бастарту деген масқараға қашан тосқауыл қойылады өзі?

Жиған-тергенді тойға шашу дегенді құп алам. Әйтсе де, той сценарийіне өзгеріс енгізетін заман туды ғой дейм. Бүгін жұмысқа шақыртып, театрға қарай келе жатқанмын. Жол-жөнекей бір әйел амандасты. Танымадым. Танымағанымды түсініп, жөнін айтты. Студент кезімдегі қатар жүрген құрбым екен. Тауқыметтен түтіні шығып кеткен. Көзінен танып, есіме түсті. Күйеуін жас кезінде көше бұзықтары пышақтап, екі баламен қалады. Ұлы отыз үште. Бойдақ. Қызы жирма тоғызда. Үш жыл бұрын жүретін жігіті қызын ата-анасына таныстырады. Қыз бірден ұнайды. Той мәселесіне келгендей, қыз жағынан ештеңе берілмейтінін біліп, айнып шыға келеді. Ата-анасын тыңдаған жігітті де кінәлай алмайсың. Баламыздың құлақ аспағанын қайсымыз қалаймыз? Ұлы жеке фирмада құрылысшы боп жүріп, қалыңмал бере алмайтын болған соң, әлі үйленбей жүр екен. Екі рет үйленбек болғанда бірі әкесіз жетім деп, екіншісі қалыңмал сұрап қырысыпты. Жүні жығылып, екі рет жолы жабылған баласы орысқа үйленем дейтін көрінеді.Өзі бір бөлмелі (кезінде күйеуінің жұмысынан алып үлгерген) пәтерінде тұрады екен. Күйеуі аяқасты қайтыс болғанда дипрессияға түсіп, денсаулығын құртып алады. Мүгедектігіне қырық бес мың алады екен. Сәтсіздіктен тауы шағылған ұлы мен қызы үш жылдан бері ресейге қара жұмыс істеп, мал табуға кетіп қалыпты. Қалыңмалға бола тойдан бастарту деген масқараға қашан тосқауыл қойылады өзі? Осы мәселеде екі жақ бірігіп ортадан той жасап, беретінін жастарға сыйлап, ортадан ішіп-жеп, әнін шырқап, биін билеп қайта беретін орыстардан үйренетініміз бар-ау, ә? Баяғы кезеңді "артта қалған дәстүр" деуші едік, жаңғырған кезеңіміздің сорақылығы бәрінен асып түсіп жатыр. Өзім де ысырапсыз той жасағаным болмаса, кәдесін қосқанда ол да оңайға соққан жоқ. Біздер осы қиындатуға неге асықпыз? Қайта, кеңес дәуірінде ғашық жастар қолұстасып кете барушы еді. Кей дәстүрге оралғанның оңғаны болмай, жастардың болашағына балта шауып жатқаны ойландырады. 




Көрілген: 1686    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 01:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31