Сен тұр - мен айтайын!

Қанатты қаралап, бокс кешін саясатқа айналдырмайық, ағайын!

  • Қанатты қаралап, бокс кешін саясатқа айналдырмайық, ағайын!

    Қанатты қаралап, бокс кешін саясатқа айналдырмайық, ағайын!

26 қазан күнгі Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындығы спорт сарайында «Qazaq Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткен бокс кешінің басты кейіпкері Ұлы дала елінің батыры Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиялық боксшы Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) арасындағы тартысты 10 раундтық жекпе-жекте отандасымыз WBO Халықаралық чемпионының белбеуін қорғап, жеңіске қол жеткізді.


Дегенмен де, жан күйерлер мен ағайындардың аталымыш кеш аясында әлеуметтік желіде Қанатқа қарата сыни көз қарастар мен оны өзекке тебер жазбалар, алып қашпа дәлелсіз ақпараттар қаптап кетті. Қанаттың жеке басына пікір айтып ғана қоймай, осы бокс кешін мемлекеттік саяси ойынға балап, қазақ батырын лезде қаралап шыға келді. Олардың пайымдауынша: – «Қанат Ислам өзінен рейтинг көрсеткіші төмен боксшымен жұдырықтасады», «Бокс Америкада туып, Қазақстанда өлді», «Қанат жекпе-жек соңына қарай, тек қорғанумен ғана болды» – деген қисынсыз пікірлер жазылды, оған жауап міне https://abai.kz/post/99805. Бұдан да сорақысы, «Бокс кешінен кейін Қанат қастандыққа ұшырады», «Қанат Қытай боксшысы екен», «Жекпе-жек әділ емес», «Нұр отан жеңді», – деген сияқты қауесекті іріткі салушылар одан әрі қыздыра түсті. Қарап отырсаң осының бәрін жазып жатқан өз қазағың. Сырттан келіп түртпектеп жатқан ешкім жоқ. Бокс кеші аяқталмай, жекпе-жектің барысы туралы нақты ақпарат шықпастан, жарыса жазып таратып жатты. Тартысты додадан соң, «Qazaq Promotions» промоутерлік компаниясы Қанаттың 6 раундтан соң қорғаныс тактикасын түсіндіре «Қанаттың қолының сынып, 4 раунд бойы сынған қолмен бокстасып шыққаны» туралы ақпарат таратқан болатын. Ендеше, анықталмаған ақпарат таратып, ғайбат айтып жатқандарға:

Біріншіден: Қанат рингте қарсыласын бір рет нокдаунтқа түсіріп, қолы сынса да, шабулға тосқы бере отырып, шапшаң қимылдап, өзіне жұдырық дарытпай қайсарлықпен өз міндетін жақсы атқарып шықты. Оның өзі ерлік ретінде жырғып айтуға тұрарлық. Сонымен қатар, Вальтер Каутондокваның нокдаунтқа түсіп 7-8 санағанда тұруының өзі, Қанат үшін еңбегінің үлкен жетістігі. Осының бәрін бақылап отырған төрешілер әділ ұпайларын берді.

Екіншіден: Қытай консул басшысының Қанаттың қолын ұстап кету үшін рингке шығуы заңдылық. Өйткені Қытай елі сан ғасырлық көршіміз, екі ел арасында мемлекет аралық келіспеушілік болған емес. Қытай елінің өкілетті адамы болған соң өзі келіп Қанат сынды әлемдік дәрежедегі боксшының қолын ұстау әбестік емес. Әрі Қанаттың оның ықыласын қабыл алып, жігіттік мінез көрсеткенінде тұрған дәнеңе жоқ. «Мұсылмандардың көркем мінез-құлқын (ахлақын), абыройын барлық жерде барлық адамдарға көрсетіп жүру керек. Әр халықтың санасында Ислам дініне деген сүйіспеншілікті оятып, Ислам дініне құрмет көрсетуге себепкер болу керек» (Ислам ахлақы) – делінген. Қазақта «Дұшпаның, жақсы көрмейтін адамың болсада салемдес, қол беру керек» – делінген. Ал, Құранда «фусилят» сүресінің 34-ші аятында: «Жақсылық пен жамандық тең емес, жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл)» – делінген. Демек, аталы сөзбен, хақ дініміздің пайымдауларына сүйенер болсақ, Қанаттың Қытай консул басшысының қолын алмай немесе басқаша мінез көрсетуінің қажеттілігі шамалы. Мейлі қандай болмасын құттықтауын қабылдау, Қанаттың білімділігі мен көрегендігі, қандай ортада болса да өзін саналы ұстайтындығын әлем алдында тағы бір рет паш етті. Қол ұстасып, суретке түскеніне бола, астарынан саяси ойын іздеп, тіміскілеудің, қаралаудың керегі жоқ. Қытайдағы қазақ мәселесін боксшы ретінде Қанат көтеруге тиісті емес. Заңды органымыз, алпауыт мемлекетіміз бар елміз. Сондықтан, Қанат пен Қытай консул басшысының бірнеше реткі кездесуі мен суреттерінен «Сатқындық» іздеп сабылудың өзі ақымақтық.

Үшіншіден: Қытайдың консул басшысын «Нұр Отан» қонаққа шықырып, іс-шараны мемлекет арнайы қаржы бөліп ұйымдастырып отырған жоқ. Консул басшысының қай жерлерге баруға болатыны туралы өзінің нормативтік құқықтары бар. Соның аясында Қанатқа жан күйер болу мақсатында келгендігі даусыз. Бұл, консул басшысының жеке түлғалық ісі. Әлемдік бокс кеші болғандықтан басқада шетелден келіп жатқан қонақтар жетерлік, оны мемелекеттік кездесулермен шатастырмау керек.

Төртіншіден: «Нұр Отан жеңді» – деп, астарлап Қанат Исламның «Нұр Отан» партиясының өкілі екендігін, соның арқасында үкімет пәрменімен жеңді – дегізіп, жекпе-жектің жеңісімен байланыстырып, «Айды аспанға шығармақшы» – болды. Бірақ, көрермен куә, залда «Нұр Отан» партиясының жалауы немесе оған байланысты үндеулер мен қандай да бір белгілер, немесе арнайы өкілетті лауазымды тұлға жоқ. Ал, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтің қатысуы азаматтық тұлғасында.

Қысқасын айтқанда, Қанат Ислам жеңді. «Әділетсіздік» т.б. сөздерді айтпас бұрын, толықтай зерттеп-зерделеп алып, нақты факт пен ақпарат беру керек. Қанаттың жеңісі Қазақ еліне ортақ, қолдап қуаттап жатқандар, ірткі салып, күндестікпен немесе «Шыншыл» сынып, тісін қайрап, өз ұлын өзекке теуіп жүргендерден әлде қайда көп. Қиындықта «Тақымын қысып» қолдаған берекелі ағайынға алғысым шексіз. Ал, әлде болса «Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» – дегізіп, бір қандасының басына сәл қиындық түскенде, рухтас бола алмай жүргендерге С.Сарайнның «Қайда нағыз өнер иесі болса, күншіл соны күндейді» – дегенді айтқым келеді. Ары қарай «Тырнақ астынан кір іздеудің» қажеті жоқ. Қадірменді халқым, әрқашан да бір-бірімізді қолдап, берекеде болайық. Бокс кешін саясатқа айналдырмайық, ағайын!


Нұрбазар Жәңгіртегі

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.10.2019, 11:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30