Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қандастарымызды кемсітпес бұрын, орысша шүлдірлеп жүрген өзімізге бір қарап алайықшы

15 наурыз 2019, 08:43

1960 жылдары Қытайдан біраз қазақ отанына оралды. Біздің ауылда сондай 4-5 үй тұратын. Үкімет беретін пенсия мен жеңілдікке әбден үйреніп алған жерлік қазақтарға қарағанда, олар пысықтау сияқты болып көрінетін. Қытайдан келгендер әкеммен құрдас адамдар болды. Бір нәрсеге бола ренжіп қалса, оларды сыртынан «қытай» деп қағытатын ауылдағылар. Сосын ол кісілердің бәрі кейін қайтыс болып, балалары Қазақстанда туып, қазақ жерінде өсті. «Қытайлық» деген жаман ат әке-шешелерімен бірге кетті де, оларды қайтып ешкім «қытай» деп кемсітпейтін болды. Әлеуметтік желіде соңғы күндері Қытай мен Моңғолиядан келгендерді балағаттайтын посттар көбейіп кетті. Жазып жатқандардың көбі – авасына ит пен мысықтың суретін қойып алған өңшең фейк екен. Әдейі істеп жатыр ма, әлде шынымен шеттен келген қандастарына кек сақтап жүрген біреулер ме, білмеймін. Жазған посттарын оқып отырсаң, онсыз да жікке бөлінген қазақтың арасына от тастап жатқан әлгі ақымақтарды керіп қойып, қамшымен жақсылап тұрып бір сабап алғың келеді. Сол кезде жынынан айырылған бақсыдай болып, сабасына түсетін шығар деп ойлайсың. Олар да өткен ғасырдың ортаң белінде келген алғашқы толқынның көргенін бастан кешіп жатқан сияқты. Бұл да тура сондай уақытша құбылыс шығар, кім біледі?! Оларды кемсітпес бұрын, баламызды орыс мектебіне беріп, орысша шүлдірлеп жүрген өзімізге бір қарап алайықшы. Қай бетімізбен күлеміз оларға?

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан