Сен тұр - мен айтайын!

Қандай дарынды, технократ жігіт... Қай бағытты таңдап кетті? Қателісті...

  • Қандай дарынды, технократ жігіт... Қай бағытты таңдап кетті? Қателісті...

    Қандай дарынды, технократ жігіт... Қай бағытты таңдап кетті? Қателісті...

Біз үзік өмір...


Университеттің жатақханасында менімен бірге Самат деген жігіт тұрды. Өте дарынды жігіт еді. Математика, физиканы, теориялық механика есептерін керемет шығаратын еді. Енді керемет дарынның нақ өзі болатын. Инженерлік сызбаларды да сауатты сызатын еді. Үнемі ізденісте жүретін еді. Университетті қызыл дипломға бітіріп шықты. Біз жатақханадағы көрші ұл-қыздармен жақсы тұратын едік. Ойын күлкінің бәрі болатын. Кешке футболға, волейболға түсетінбіз, қыздар мен жігіттер қаланы серуендеп қыдыратынбыз. Расын айтқанда, біздің студенттік шақтарымыз сондай керемет еді. Сызбаларды, дипломдарды сызып көп ақша табатынбыз. Ақшадан қысылмай жүретін едік. 2004-2006 жылдар аралығында біздің елде діни миссионерлер қаптап жатты. Оның ішінде сақалы бар мұрты жоқ, шалбары бар балағы жоқтар біздің айналамыздағы жігіттерді өздеріне жапырып тартып алып кетті. Бір таң қалатыным, әлгі сақалдылар бөгде адамды кіргізбейтін күзетшілерден де өтіп кіріп кететін еді. Күнде кешке жатақханаға кіріп алып, уағыздарын айтып жатты. Тілдері өте майда, жігіттерді тартып алып кетіп жатты. Құраннан аяттар айтады. Мен оның дәлдігін Құран арқылы тексеремін. Тұп тура сәйкес келіп жатады. Менің жанымдағы студент жігіттердің бәрі соларға қосылып, намаз оқып кетті. Бір күні кешке мешіттен келгенімізде артымыздан сыбыс шығып, 19 баланы Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөліміне аяқ қолдарын қайырып алып кетіп қалды. Ішінде мен де бармын. Комендант бар, деканат бар, басқасы бар, жабылып жүріп жігіттерді шығарып алды. Сосын әлгі сақалдыларға мен екінші рет жоламаңдар деп нақты қадап айттым. Олар маған ақыретте көрісеміз, кім қалай жауап берер екен деді. Мен оларға ақыретте сен менімен шаруаң болмай, өзіңмен өзің болып кетесің деп, келмейтіндей етіп қайтардым. Кейін жігіттердің біраз бөлігі солардың соңынан еріп, сол бойы кетіп қалды.


Менің жанымда тұратын Самат деген жігіт Құранды сол бойы жаттап алды. Күнде таңғы 5 те дауыстап Құранды оқып отырады. Арапшаны студент кездің өзінде жақсы игеріп алды.Ол өзінің Самат деген атын Әбдуссамат деп өзгертіп алды. Мен оның жанында тұрғаннан соң жақсы білемін. Өзімен өзі қалып, ешкіммен сөйлеспейтін болды. Ешкіммен әзілдесіп ойнамайды. Оның дауыстап Құран оқығанына көрші бөлмедегі қыздар арызданған да еді. Күнде кешке мешіттен шықпайды.


Арада сәл уақыт өткеннен кейін мен магистратураға құжат тапсырып, грантты жеңіп алдым. Сосын оқуымды ары қарай жалғастырдым. Бір күні Саматты көріп қалдым. Жағдай сұрастық. Магистратураға түстім дедім. Ол маған қолын бір сілтеп, дүниәуи жолға түсіпсің бауырым, одан да дін мен Құранды оқып үйрен деді. Бірақ мен де арапша оқып, сауатымды ашып, бірнеше сүрелерді арапша жаттап алған едім. Жанымдағы жігіттермен біз арапшаны мешітте тегін оқып үйрендік. Кейіннен мен магистратурадағы оқуымды жалғастырып, ғылым бойынша кеттім. Ал менің Самат бауырым Саудияға қарай жол тартып кетті. Сол бойы жоқ болды. Арада жылдар өтті. Бір күні Самат келіпті деген сөз естіп, біз сол отырған мешітке бардық. Жанымда бір бөлмеде кезінде бірге тұрған Нұрланды ертіп алып, Саматқа бардық. Мешітке кіргенімізде Самат айналасына намаз оқитын жігіттердің 20 шақтысын жинап алып, уағызды жіберіп жатыр. Біз шеттен қарап отырдық. Бізге қарап, қарап қояды. Бірақ бізді танысы, кезінде бірге бір қазаннан тамақ ішкен бауырлар деп отырған ол жоқ. Сосын мешіттен адамдар тысқа шықты. Біз Нұрлан екеуіміз Саматқа жақындап:

-Ассалаумағалейкум, бауырым! Амансың ба? - деп едік, Самат бізге қараған да жоқ, сәлемімізді алған да жоқ, жанымыздан өтті де кетті. Нұрлан қатты ашуланғанда, мен қоя бер деп кері қайтарып алдым. Көз алдымда өткен күндерде бірге өткен қызықты күндердің лентасы сырғып өтті. Жатақханада гитараны қолымызға алып, әндетіп, қыздарға бір бірімізге су шашып, тамақтарымызға тұзды көп салып қашып кететін, әзіліміз жарасқан күндер жылт-жылт етті. Қандай дарынды жігіт, қандай технократ жігіт... Қай бағытты таңдап кетті? Қателісті. Солай...


Қайран қазақтың дарынды жігіттері - ай! Қаншама дарынды жігітті көрдім, басқа бағытты таңдап кетті. Жөні түзу идеология мен мемлекеттің қолдауының болмағына осы. Мемлекетті арам ниеттілер басқарғанының нәтижесі осы. Бір кездері математик, физик, инженерияның дарынды студенті осылай өзгеріп, адам танымастай болып өзгеріп кеткен еді. Арада 13 жыл сырғып өтіпті. Мен оны содан кейін көрген жоқпын.


Бекболат Қаржан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1264    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30