Сен тұр - мен айтайын!

Қанша апат болып жатса да құзырлы орындар "менің кінәм жоқ" деп Жантас құсап отыра береді

  • Қанша апат болып жатса да құзырлы орындар

    Қанша апат болып жатса да құзырлы орындар "менің кінәм жоқ" деп Жантас құсап отыра береді

Кешелі бері "анау неге бүйтпеген, мынау неге сүйтпеген, знак неге жоқ, шлагбаум неге жоқ?" дегендей жазып жатқандар көп. Үнемі өтіп жүрген адам ретінде айтайын, знак та, шлагбаум да, семафор да, тіпті қақпақ та бар. Бұл өзі баяғыдан ең қиын жол қиылысы. Алматы – Қарағанды тас жолы тура сол айналмаға келеді. Негізгі жол – сол трасса. Бер жақтан, яғни "Жетісу", "Елтай" жақтан келетін көліктер Қарағанды трассасынан келетіндерді өткізіп барып, солға бұрылуы тиіс. 200-300 метрден кейін переезд. Переезден кейін 300-400 метрден кейін оңға бұрылыс бар, Шамалғанның ішіне кіреді. Шамалғаннан шығатын көлік те көп. Бұл жерде үнемі кептеліс болып тұрады. Шамалғаннан шығатын көліктер де жолды жауып қалады да, тура өтетіндерді, яғни Қаскелеңге кететіндерді "ұстап" тұрады. Кешегі жағдайда да кептелістің қанша уақыт болғанын білу қиын. Автобус дәл сол сәтте шығып кетті деп ойламаймын, ұзақ тұрған болуы мүмкін. Ол жерде тапжылмай, бір орыннан бір қадам жылжи алмай жарты сағаттап тұра беру – "норма". Жарты сағат сайын пойыз өтетін болса да, "Қазақстан темір жолы" да, қанша апат болып жатқанына қарамай, құзырлы орындар да (облыс әкімдігі де, ішкі істер органдары да) "менің кінәм жоқ" деп Жантас құсап отыра береді. Мәселенің бәрі сонда. Жүргізушілердің де қайбір мәдениеті қалыптасқан, оның үстіне сағаттап пробкада тұратын жұрт әйтеуір тұмсығын тығып алуға тырысады. Дистанция сақтаймын десең, ортада қысылып қала бересің. Қарсы бет пен жол жиегі де бос болмайды. Кешегі видеодан мұқият қарасаңыздар, әрі қарай көліктердің екі қатар болып тұрғанын байқауға болады. Ал ол жерде екі бағытта да бір ғана көлік жүруі тиіс. Күн сайын осы переезден қаншама адам өтеді, қанша көлік жүреді, қанша адамның тағдыры, былай қарасаңыз. Бірақ, бізде қимылдау үшін міндетті түрде "жаға ұстататын" жағдай болуы керек.

Алдыңғы жылы "Жетісудағы" переездің мәселесі шешіліп, көпір салынды. Сол көпір бірінші кезекте осы "Шамалғанға" салынуы керек еді. Сондай-ақ, Жармұхамбет ауылының переезі де өте қауіпті. Қазір ауылдың ішінде СВХ, зауыттар бар. Күн сайын бәленбай жүк көлігі кіріп-шығып жатады. Солға, яғни қала жаққа шығу үшін күтуге тура келеді. Ұзын КамАЗ тұрып қалса, жарты метр жылжи алмайсың. Қауіпсіздік үшін алдың босағанға дейін, яғни көлігің толық сыйғанша күтіп тұруға міндеттісің. Бірақ ондайда артыңнан сигнал беріп, боқтайтын "малдар" бар. Немесе айналып келіп, алдыңа тұра қалатын пысықайлар да табылады. Негізі переездің барлығы автокөлік жолына кедергі келтірмейтіндей болуы тиіс. Алматы облысының әкімдігі Акимат Алматинской области, ҚТЖ - Қазақстан темір жолы, басқа да жауапты органдар мен мекемелер осы жағына назар аударуы керек.

Переезде жолдың тақтайдай болуы, көліктердің кедергісіз өтуі де өте маңызды. Өкінішке қарай, бізде оған ешкім назар аудармайды. Шамалғандағы переезде міндетті түрде тоқтап барып өтесің, өйткені жолы өте нашар. Осыны жасауға не кедергі?! "Бізге қатысы жоқ" деп бәрі ат-тонын ала қашса, халық не істеуі керек?! @ҚР Ішкі істер министрлігі, @Қарасай аудандық әкімдігі, Облыстық ішкі істер департаменті мен аудандық ішкі істер бөлімі жол бойына тұтастай (!) камера орнату, переездерде "Сергек" орнату жағын қолға алуы тиіс.


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1128    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31