Сен тұр - мен айтайын!

Қанша материалдық көмек берілсе де өлген адам тірілмейді

  • Қанша материалдық көмек берілсе де өлген адам тірілмейді

    Қанша материалдық көмек берілсе де өлген адам тірілмейді

Жанып жатқан пәтер емес, қора емес, орман емес, ҚАРУ-ЖАРАҚ, ОҚ-ДӘРІ сақталған қойма! Екі-үш снаряд, бес-алты патрон болса түсінікті. Жүздеген, мыңдаған оқ дәрі бар онда. Оларға (снарядтар, патрондар және т.б.) от тисе болды, жарылады. Оны дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Осыны біле тұра өрт сөндірушілерді қалай жіберді? Әрине, өрт болған соң 101-ге қоңырау түседі. Өрт болып жатқан жерге тез жетіп бару, өртті ауыздықтау олардың міндеті. Бірақ "Қару-жарақ, оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр" дегенді естігенде ойлану керек еді. Жалпы, осындай қоймалардың айналасына өрт болған жағдайда автоматты түрде су шашатын қондырғылар орналастыру керек. Жасаймын десе ешкім қарсы болмайды. Жасауға болады да. Мұндай жерлерге өрт сөндірушілерді жақындатудың еш қажеті жоқ. Не болды? Қаншама бала әкесінен, қаншама әйел күйеуінен, қаншама ата-ана баласынан айрылды. Обал! Қанша материалдық көмек берілсе де өлген адам тірілмейді. Негізі, неге осындай қоймалар елді-мекендерге жақын орналасқан? Айналайындар-ау, құртпайсыңдар ма айдалаға? Жатыр ғой қазақтың жері жайылып!




Көрілген: 2195    Пікірлер: 0

сенбі, 28.08.2021, 11:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31