Осыдан 11 жыл бұрын аяғы ауыр құрбыма дәрігерлер “құрсақтағы балаңыз 100% аутист болып туылады. Алдырып тастаңыз” деп туғанша айтады. Құрбым ешкімді тыңдамайды. Босанады. 100% сау бала!
Биыл 10-ға толды. Сөйлегенде бізді сөзден жаңылдырады, өте ширақ!
Былтыр бауырымның кішкентай 2 айлық ұлын дәрігер “қараңызшы, көзі алақ-жұлақ етеді, аутизмнің белгілері бар” депті. Келініме: “күйеуімнің көзі де сондай” демейсің бе?” деп күлдім. Ақжүрек қазір шауып жүр. 100 % сап-сау бала.
Сіңілімнің диагнозын таппай, емге төрт-бес миллионын шашып, ақыр соңында “у вас рак” деген ғой. “Я вам докажу, что я не рак” деп жылап-еңіреп кеп синдромдарын интернетке жазады. Іле-шала ресейлік қыз жазыпты: “вы не поверите, у меня тоже самое было. Меня излечили в Сочи” деп дәрігердің номерін берген. Ұшағына, жатар орнына 2 адамға 250 мың, еміне 250 мың жұмсап, толық емделіп қайтты. Диагнозы мүлде басқа.
P.S. Сау адамды ауру қылмай, диагнозды ойланып қою керек шығар осы . Қаншама адам сау баласын алдырып та тастаған шығар…
facebook.com парақшасынан