Сен тұр - мен айтайын!

Қара қылды қақ жарар тұлғалардан қара үзіп қалғаныңа өкініш білдіресің...

  • Қара қылды қақ жарар тұлғалардан қара үзіп қалғаныңа өкініш білдіресің...

    Қара қылды қақ жарар тұлғалардан қара үзіп қалғаныңа өкініш білдіресің...

АБАЙЛА, ҚАЗАҚ, АБАЙЛА!


Халық арасында ертеден келе жатқан «Құлан құдыққа құласа құлағында құрбақа ойнайды» деген сөз бар. Бірақ, мұны қазір есімізге алмайтын жағдайға жеттік. Өйткені, құрбақалардың еркіндіктегі құланның құлағында да қалағанынша ойнайтынын көріп жүрміз. Неге өйтеді? Себебі жәндіктер өзінен алып жануардың өздеріне, яғни титтейлерге, мән бермейтінін біледі. Біледі де есіріктігін жалғастыруға әуес.

Қазіргі қазақ әдебиетінің хал-жағдайына назар аударғанда ана жақтан да, мына жақтан да тап осындай көріністердің қарасы қалқаятыны өкінішті-ақ. Ойлап қараңыздар: Еуропа мен Америкада жиырмасыншы ғасырдың ортасынан былай күйреген әдеби негіздемелер біздің қазақ әдебиетіне келіп кірігіп, енді табиғи болмысты екінші қатарға ысыра, бірінші қатарға шалықтау мен солықтауды алып шыққанына талас тудырмайтын шығарсыздар. Соның салдарынан біртұтас әлем бірнеше бөлшекке бөлініп кетіп адамның өз бетімен, табиғаттың өз бетімен қалып қойғаны анықтық. Қазіргі шығармалардан қоршаған ортаны, ондағы адам жанымен үндестіктегі табиғат көріністерін таба алмайтының сондықтан. Қайда қарасаң да жұтаңдық басым. Кейіпкерлерден не ішкі, не сыртқы портреттерді айыра алмай және пүшәймансың. Сонда деймін-ау, сонда бейнесі анық сақталмаған, пішіні ашылмаған кескіндерден қандай ләззат алғандайсың...

Осы орайда, дүниеден озардан сәл бұрын әдебиетті әбден екшеп, барын - бар, жоғын - жоқ деп айтып кеткен Ғабеңді –Ғабит Мүсіреповты еріксіз есіңе аласың, тап сондай қара қылды қақ жарар тұлғалардан қара үзіп қалғаныңа өкініш білдіресің. Неліктен? Сондықтан, қазір ұлттық тамырдан алшақ жатқан шығармалар марапатқа да, мадаққа да ие. Өйткені, қазылық алқада не жерлесі, не руласы отырады. Нәтижесінде кейіпкері «аттың сол жағынан мініп, оң бүйірінен түсіп» жатқанына қарамастан шығарма бәйге басынан көрінеді. Мұндайда әлем әдебиетінің озығына айналған Жапония жазушыларының жапондардың, Латын Америкасы жазушыларының сол елдердің ділі мен салт-дәстүрлері аясында кереметтер жасайтынын ұмытып кетесің. Ұмытасың да ұлылықтың пұшпағын ұстағандай шалқаясың. Міне, қазіргі қазақ әдебиетінің хал-ахуалы.

Ең бастысы, қазақ деген ұлттың көркем тілін әдебиеттен аластап, оның орнына қарабайыр, тіпті қарадүрсін сөз тіркестерін қолдануға бейім тұратынымыз өкінішті. Ал осындай жазбаларды қауым болып мақтауға бет бұрғанымыз кещелігіміз екенін түсінбейміз де.

Ұлттығымызды сақтаймыз десек – ұлттық әдебиетімізді құлатпауға күш салайық, ағайын!

Ол үшін жазармандарға сана, оқырмандарға сеңгір талғам берсін!


Төкен Әлжантегі

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1058    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31