Қарапайым адамдықты ұға алмай жүріп, Құдайдың қай уәдесіне лайықтылығын бұлдамақшы осылар
Бүгін бір сақалИттің хайуандығына күйіндім. Автобуста тұрғанмын. Тоқтады. Ешкім түспеген соң қазақтың әп-әдемі, кішкентай ғана ибалы өзі, қызы мініп келе жатса, кенеттен түсетіні есіне түсіп кетіп, бір теке сақалИт атып тұрып, автобусқа мініп қойған қызға әкіреңдеп "түс, мен түсейін деп жатырмын" дейді. Қыз түсінбей, не істерін білмей қалды, сөйтсе ана Ит қыздың кеудесінен итеріп жіберіп, автобустан түсіріп, онымен қоймай "шешесінен" толығымен айтып, боқтап, ана қыздың жер-жебіріне жетсе бола ма?! Артында жүзі күйіп қалған әйелі ақылсынып: күте тұрмай ма екен адам деген-дейді. Анау кішкентай қыздың намысына тиіп, кінә өзінен екеніне қарамай, кішкентай қызды сонша балағаттап, жанын ауыртып кетті кәдімгідей. Қасымда анам тұрғанына қарамадым, СақалИт пен жүзі күйген(жауып жүретін) әйелін бастырмалатып, айқаймен қыздікі дұрыс екенін, өздерінің сорлы екенін айтып үлгердім. Анау қыз өзінікі дұрыс екенін білсін, ондай наданға бола жанын жараламау керек екенін ұқтырғым кеп...
Ақерке Әбіштегі
Фейсбуктегі парақшасынан