Сен тұр - мен айтайын!

Қарапайым адамнан бастап, министрге дейінгінің көкірегіне орнығып алған жегі құрт секілді

  • Қарапайым адамнан бастап, министрге дейінгінің көкірегіне орнығып алған жегі құрт секілді

    Қарапайым адамнан бастап, министрге дейінгінің көкірегіне орнығып алған жегі құрт секілді

КҮНДЕЛІК ДӘПТЕРДЕН

 

Бір танысымыздың үйінде отырғанда мынадай қызық жайттың куәсі болдым. Әжей жиырмалар шамасындағы немересін бізге таныстырып жатты:

 

- Күнде кешке дейін дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Өзі медициналық институттың соңғы курсында оқиды, емтихандарын тапсырып, мұрнынан су кетіп шаршап жүр, айналайын, - деп, бойжетіп қалған немересінің бетінен сүйді.

 

- Күні бойы жұмыс істесе, оның үстіне медицина институтының  сынақтарын тапсырса, шынында да, бұл қызымыз шаршап жүр екен, - дедік, таңғалысымызды астарлай жеткізіп. Әжей біздің кекесінмен айтқан сөзімізді түсінбеді.

 

- Қараң қалғыр, үністеттің оқытушылары зашөткісіне – он мыңнан, емтихандарына – жиырма мың теңгеден қағып алады екен. Соншама ақшаны оларға тауып беру оңай дейсің бе? Жұмыс істеп, шаршамағанда қайтсін?! – деді.

 

Біздер, жасыратын не бар, заман өзгеріп, құндылықтар ауысқан қазіргідей кезде сыйластықты, қонақжайлылықты, керек десеңіз, өзара қарым-қатынас пен құрмет-қошеметті де өздеріміздің ішкі есеп-парықсыздықтарымызға икемдеп, жеке пайдамызға бағындыруды әдеттегі қалыпқа айналдырып алдық. Оған үйренгеніміз сонша, ақшасыз, пара берусіз ешнәрсені де елестете алмайтын халге жеттік. «Ақша болса барлығын да сатып аламыз» деген ұғым қарапайым адамнан бастап, министрге дейінгінің  көкірегіне берік орнығып алған жегі құрт секілді.

 

Апыр-ай, осы, адам  жанына қиналғанда араша түсетін, тіпті, өлімнен де құтқарып қалатын дәрігер оқуын, оның дипломын ақшаға сатып  алуға болады деген тәртіп пен ережені кім ойлап тапты екен?!.

 

 

 

Құдиярбек Ағыбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1059    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 11:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31