Сен тұр - мен айтайын!

Кәрістің киносындағыдай бұлшықетсіз, қатынмінезді жасөспірімдер көбеймес пе еді

  • Кәрістің киносындағыдай бұлшықетсіз, қатынмінезді жасөспірімдер көбеймес пе еді

    Кәрістің киносындағыдай бұлшықетсіз, қатынмінезді жасөспірімдер көбеймес пе еді

Бүгін інім екеуміз бір шаруалармен Яндекс таксидің кеңсесіне бас сұқтық. Біз кірген соң артымызша бір жігіт ағасы енді. Сол кісі менеджерлерге:
- Мынаны ойлап тапқандардың атасына мың рақмет. Осы алғысымды жеткізіңдерші. Осының арқасында мұғалімдікті тастадық қой, осынымыз тыныш деп, - деп қояды.
Ты-ты: "Мектепте неге ер мұғалімдер аз" - дейміз. Айлық аз болған соң кетеді деп айлығын көтерді.
Меніңше, еркектер қағазбастылықтан қашады. Добалдай саусақтарымызбен қалам ұстау тым қолайсыз. Одан қалса, клаваның да пернелерін табу қиынның қиыны. Ыңқ еткізіп бір басқаныңда көздеген әрпің емес, бес-алтауы қатар басылатыны тағы бар. Пәбөрөшній, одан қалса жұрттың баласын түгелдеуі тағы бар. Содан еркектер мұғалімдіктен безер болмағанда не болады?

Негізі еркектер пәбәрөшній жазбай-ақ қойса. "Қағаз жазбай-ақ қой. Берген біліміңнің сапасын оқушыларыңның білімінен байқаймыз"-десе.
Анда-санда тәртіпке көнбеген жүгермектерді мытып-мытып алуға рұқсат берсе. Кәрістің киносындағыдай бұлшықетсіз, қатынмінезді жасөспірімдер көбеймес пе еді сонда?!
Сосын не ғой, айлығы бала-шағасы мен төрт қатынын асырауға жетсе... Сонда еркек мұғалімдер мектептен қашпас па еді, ә?


Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2057    Пікірлер: 0

жұма, 07.08.2020, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30