Сен тұр - мен айтайын!

Қарттар үйінде 6 ұлы бар кейуананы кездестіргенде осы ойға тоқтадым

  • Қарттар үйінде 6 ұлы бар кейуананы кездестіргенде осы ойға тоқтадым

    Қарттар үйінде 6 ұлы бар кейуананы кездестіргенде осы ойға тоқтадым

КӘРІЛІК
Осы сюжетті көріп, "Менің кәрілігім қалай болар екен?" деген ой келді. Әрине Құдай біледі. Мүмкін қартаю бұйырмас, мүмкін бұйырар. Жаратушының уақытына, шешіміне, берген мерзіміне уәж айта алмаймыз. Бірақ алдын ала әр түрлі жолдар мен әр түрлі сценарийлерді ойластырып, мүмкіндігінше қамданған жөн.
Біздің елде бойдақ көп. Жастар кеш үйленіп жатыр. Тұрмыс құрмаған қыздар баршылық. Адам жас кезінде өз қолы өз ауызына жетіп, ешкімге күні түспей өмір сүреді. Мансабы мен дәурені жүріп тұрғанда, адам қартаюды ойламайды. Мәңгі осылай шапқылай беремін, өмірім алда деген елеспен дуаланады. Ал уақыт - жендет. Білдірмей келіп, күш-қуатыңды алады, ағзаңа әлсіздік пен ауру-сырқау сыйлайды. Сондай кезде қасыңда біреу болмаса, жас кезіңдегі лауазым мен дәрежеңнен еш пайда жоқ.
Бойдақтардан бөлек, бала-шағасы барлар да Құдайдан "әдемі өлесің" деген кепіл қағазын алмаған. Үбірлі-шүбірлі қариялар да балалары мен немерелеріне керек болмай қалған кездер болып жатыр. Әсіресе бүгінгі қатал заманда. Сонымен қатар, қоғамда: "көп баласы барлар үлде мен бүлдеге оранады да, ал баласы жоқтар қиналады" деген стереотип қалыптасқан. Ол қате түсінік. Көп нәрсе баланың тәрбиесіне байланысты, санасына, түйсігіне. Қарттар үйінде 6 ұлы бар кеуананы кездестіргенде осы ойға тоқтадым. Әжеміз 6 келініне сыймаған. 6 ұлы бар әйел "Қарттар үйіне барамын" деп ойлады ма? ...
Бала кішкентай кезінде тәтті. Сен оның көтенін сүйесің - ал, (Құдай сақтасын) паралич-инсульт болып қалсаң, сол балаң сенің көтеніңді жуа ма? Әрине барлығымыз "Менің балам мен бағады" деген толық сенімдеміз, бірақ өмір мүлде сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Бала-бала деп алдымызға жан салмаймыз, оқытамыз, үйлендіреміз, пәтер алып береміз. Ал бірақ ертең балаң үйленеді, қызың тұрмысқа шығады. Келін деген құбылыс пайда болады, Келін тыржию мүмкін, Күйеу бала деген болжауға келмейтін парадокс пайда болады, Күйеу баланың беті жыбырлаю мүмкін. Сонда "Зияным тимесін" деп араласпайсың. Өз өмірлері өздеріне.
Ер азаматтардың қосымша проблемалары бар, ол бәйбішең бірінші кетіп қалса. Кемпір әйтеуір балаға қараса да, ыдыс-аяқ жуса да, киім үтіктесе де, балаларға сыяды. Тіпті күйеу балаларға сыйып жатқан Енелер бар. Ал сопайып өзі қалып қалған ақсақал деген - Құдайдың жазасы деп білемін.
Қысқасы айтар ой-сөз көп. Осы сюжетті көріп, өмір жалы ойланарсыз. Бір пайдасы тисе, коммент-пікір қалдырарсыз.
#Nordman




Көрілген: 4735    Пікірлер: 0

сенбі, 17.07.2021, 12:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30