Сен тұр - мен айтайын!

Қашан шындықтың ащы уын ішіп өле қаламыз

  • Қашан шындықтың ащы уын ішіп өле қаламыз

    Қашан шындықтың ащы уын ішіп өле қаламыз

ТАҢ АЛДЫНДАҒЫ ОЙ


Осы елдің бәрі - шыншыл. Елдің бәрі - әділетсүйгіш.

Олай болса, қоғамыңыз неге өтіріктің тәтті балын жалап отыр?

Көрші-қолаң арасында гөйлеп, асхана мен автобуста "шыншыл" рөлін керемет сомдап жүрген ақылды аға-әпкелер кеңірдек жыртып ухілететін ішкі қыжылын неге үлкен мінберлерден айта алмайды?

Мен бір ұстазымды идеал тұттым. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын.

Ол шағын ғана ауылдың жалғыз оппозиционері (бәлкім басқалар да бар шығар) болды.

Ауылдың барлық жоқ-жітігін сол кісі түгендейтін-ді.

Аудан, облыс, қала берді республика деңгейіне дейін проблема қозғап, талай мәселенің оңды шешкенін өз көзіммен көрдім.

Неге екенін білмеймін, қалың көпшілік әлгі ұстазымызды жақтырмайтынын байқадым.

Қара басының қамы үшін емес, қара қазақтың есесі кетіп бара жатқан соң, арызданатын болса керек. Сонысын меңзеп, "арызқой" деседі-міс.

"Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?" дейді қазақ. Яғни, "сенің құқығыңды біреу қорғап жатса, тыныш отыр" дегені ғой. Біздің қазаққа тыныш отыру қайда? Әлгіндей адамды оп-оңай өз түсініктеріндегі "бәлеқорға" айналдыра қояды.

Мұның себебі неде? Мен ұзақ ойлап оның жауабым таптым.

Бізді Кеңестер одағы түрме психологиясымен әбден тәрбиелеп тастаған. Сондықтан да, кім өзінің һәм елдің құқығын қорғай бастаса, әлгіні "заявчикке" айналдыра қоямыз. Сөйтеміз де, өзіміз ешкімге шағымданбайтын, ештеңеге мойымайтын "зектің" рөліне кіріп аламыз.

Заң бар, бір-ақ сол заңға жүгінген "заявчик" атанатын қым-қиғаш түсінікпен қай жерге дейін барар екенбіз?

Біздің жоғарыда айтқан "кухня-батырлар" мен "зектер" асханада айтқан сөзін, мінберге айтуға "духы" жетпейді. Себебі, түрмедегі құқығы шектелген адамға мінберден ешқашан сөз берілмейді?

Сонда деймін-ау, біздің мына ел қашан түрмеден босап шығады?

Қашан шындықтың ащы уын ішіп өле қаламыз (деп мүлдем арғы жаққа кетіп қалайын ба?)...


Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1427    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 19:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31