Сен тұр - мен айтайын!

Қасқырдың «ақылы», бір қойшыныкінен артық болады...

  • Қасқырдың «ақылы», бір қойшыныкінен артық болады...

    Қасқырдың «ақылы», бір қойшыныкінен артық болады...

Осыдан он жыл бұрын, біздің де 75 бас қойды, екі қасқыр «қырып» кеткен.

Күз айлары болатын. Бағанасы шпалдан қойылып, арасы, жас шілікпен өрілген қоршауда тұрған қойға, қасқыр түсті. Қабырғасы тастан қаланған, есігі жақсы жабылатын үйде жатқан қойшы, қорадағы топалаңды естімеген де.

Қасқырдың тартқаны, оншақты бас-ақ. Қалғаны, мықты шарбақты бұзып шыға алмай, тапталып өлген екен.

Қасқырдың «ақылы», бір қойшыныкінен артық болады.

Өріске шыққан малдың алдын күтсе, қайтқан малдың артынан ілеседі.

Қойшыда қару бар ма, жоқпа оны да біледі.

Қойшының графигін жатқа білетін қасқырлар, оның ұйқыбас екеніненде хабардар.

Қойшы әңгүдік болса, мынандай амал жасайды.

Екіге бөлініп, бірі қойшыға көріне жақындайды. Әңгүдігің атына міне сала, жұртқа «масқара мықты жігіт екен, қасқыр соғып алыпты» деп айтқызайын деп, жалғызды қуып, шаба жөнеледі. Ол отардан ұзай бере, қалғаны қойға кіреді.

Екі-үшеуін жаралап, «батырбек» келгенше жұмысын тындырып, тайып тұрады. 

Көктемде, жазда қозы-лақты тірідей ұрлайды. Оны апарып, күшіктеріне өлтіріп үйретеді.

Қойдың қойшыға көрінбейтін жағы желкесінен тістей жетелеп, дедектетіп алып кетеді.

Қасқыр, Сиыр малы мен Түйеге көп жоламайды. Бұған сиыр малының «ұйымшылдығын» қосыңыз.

Есесіне, құлынды оңай ұстайды. Итке ұқсап, бұраңдап жатады. Құлын оған өзі барады. Кейде, ұйықтап қалған құлын, бұзау, қозыны басып қалады.

Есті қойшы, жаз айында, қалың қараған маңына мал жаймайды.

Қасқыр жылқыны да айламен алады. Жылқыға жылқышы ит ертпеуі керек.

Ит көріп үйренген үйір, қасқырдан қорғанбайды.

Қысты күні жылқыны еңіске қарай қуалайды. Құйрығынан тістеп келіп, жіберіп қалғанда омақаса құлағанын тұрғызбайды.

Жемтікті жазықта жемейді. Тасаға сүйрейді.


Аңшы-қасқырды аңдыса, қасқыр-аңшыны аңдиды.

Екеуі де биікте отырады.


Қауіпті қасқыр-ұры қасқыр.

Олар әдетте кәртеңі, топтан бөлініп қалғаны. Ауылдың маңында жүреді. Өте қу, айлакері солар.


Топ қасқырға кезіге қалғанда, арланы аңшыға көрініп, ақсаңдап қашады. Онысы, бала-шағасын құтқаруы. Өзін құрбан етеді.


Аңның қашқан бағыты, оның келген жағы деп ұғыңыз. Қайсібір аң болмасын, басы ауған жаққа қашпайды. Әр аң түрінің өз мекені болады.

Қасқыр, басқада аңдар турасында білгеніммен бөлістім.

Молданың істегенін істеме, айтқанын істе..деген мәтел бар.

Аңшының әңгімесінің жартысы өтірік... дегенде ұғым бар.

Мен сіздерге соның шындығын ғана жаздым.


Тортуыл Шоқан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1826    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.10.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31