Қасқырға беттемейтін ит үй маңында қабаған келеді
Пашинян өткенде соғысқа баратын еркек таппай балаларды майданға қуып жатыр еді. Қанқасапта жаны қысылып, көзі алақтаған талай бозөкпенің бейнесін әлем көрді. Армения жеңілгенін мойындап ымыраға қол қойып еді Ереванда талай "ер" атойлап шыға келіпті. Соғыс давай! деп үкіметті қысу бір басқа, өзің барып соғысқан бір басқа. Өзгені отқа айдап, өзі ауылда саясатпен айналысатын "қаһармандардың" қолына бір-бір мылтық ұстатып майданға жібере салу керек еді Пашинянға. Қасқырға беттемейтін ит үй маңында қабаған келеді. Әзірбайжан бауырлар көкжал екен, көкжал болғанда - Көк бөрінің сырттаны!
Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан