Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қасқырға қастығым жоқ. Ал өтірікке қастығым бар...

03 ақпан 2021, 10:19

"Барлық аңдарды үйретуге болады. Қасқыр ғана циркте өнер көрсетпейді. Ол қолға үйренбейді" деген сөзді сіздер де естіген шығарсыздар. Əдемі-ақ. Бірақ өтірік. Əлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қасқырлардың өнерін Астана қаласындағы циркте тамашаладым. Өз көзіммен көрдім. Көрмей тұрып та, жоғарыдағы сөзге сенбейтінмін. Ауылда қасқыр асыраған адамды көрдік дегендей. Циркаштың айтқанын істеп еденде ары да, бері де аунап жатқан қасқырларды көргенде аса таңқалған жоқпын. Запашный сұхбат алған Евгения Верлатая да қасқырларды циркке үйретіп, кəсіп қылған мамандардың бірі. Тілін таба білсе, адамға бағынбайтын, адамның айтқанына көнбейтін хайуанат жоқ. Қасқырға қастығым жоқ. Ал өтірікке қастығым бар. Мархабат!

Абай Қалшабек

Фейсбуктегі парақшасынан