Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Каспий банктің "бандит" қыздары-ай...

04 қазан 2022, 14:00

Каспий банктің "бандит" қыздары-ай...

 

Құрметті, Каспий банк!

 

Біреудің (ағайынның) төлемеген несиесі үшін менің жанымды шығаруларыңызды қашан қоясыздар?

 

- Бәлен деген туысыңыз ба?

 

- Иә, туысым.

 

- Ол кісі үш күннен бері несиесін төлемей жатыр. Телефонын да алмайды. Сол кісіге кредитін төлесін дей саласыз ба?

 

- Ок, қарғам.

 

Осымен әңгіме біту керек қой. Ал, маған бүгін 8 705 956 29 91 нөмірі арқылы қоңырау шалған "бандит" қарындас әңгімені қорқытып-үркітуден бастады. Қара аспанды төндіргеніне қарап  борышкер туысым 3-4 ай қарызын төлемей қашып жүр екен деп қалдым. Сөйтсем, үш күн.

 

Әлгі "бандит" қарындастың айтқанына сенсем, сол үш күн үшін туысымның, оның балаларының, сосын менің шотым бұғатталады-мыс. "Заң қайда, соттың шешімі қайда, қарындас-ау" деймін...

 

Жай сөзге қонақ бермейтін, клиентпен жарыса сөйлеп, оны тыңдамайтын, бүкіл Қазақстанға белгілі банктің қызметкері бола тұра мәдениет дегенді білмейтін "бандит" қарындас өз аты-жөнін айтуға бас тартты.

 

Ербол Азанбек мырза!

 

Әлгі "бандит" қарындас екеуміздің әңгімеміздің жазбасын жауапты адамдар тыңдап, кімнің әңгімесінің дұрыстығына төреші болсаңыздар. Әрине, бұ қызметкерлер күніне менің ғана емес, мен сияқты мыңдаған адамның қанын қарайтатыны анық.

 

Несие алмаған, несие алған адамның туысы болғаны үшін осыншама азапқа түсудің құнын кімнен сұраймыз?

 

Туысым үшін, негізсіз менің бір минуттық уақытымды алуға Каспийдің хақы жоқ. Ал, олардың қызметкерлері өздерімен келісім-шартқа отырмаған қайдағы бір үшінші тараптағы тұлғамен қызыл-кеңірдек болып ұрсысады...

 

Неге?

 

 

Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан