Сен тұр - мен айтайын!

Қасынан өтіп бара жатып, тиын тастаған жігіт "аяғымды сүй" деп қорлапты...

  • Қасынан өтіп бара жатып, тиын тастаған жігіт

    Қасынан өтіп бара жатып, тиын тастаған жігіт "аяғымды сүй" деп қорлапты...

Жан-жағыма барлай қарап келемін. Жол жиегінде отырған ақ жаулықты ананы көзім шалды. Бұл уақытта біздің аналарымыз алдына немересін алып, маңдайынан мейірлене иіскеп отырғаны ойыма түсті. Бұл кісі де ана. Тек немересі емес, тиын-тебенге арналған қорабын алдына алып, құшақтап отыр...

Көзі жәутеңдеп, өткен-кеткенге алақан жайып, үміттене қарайды.

Жасы 25 терге таяған жігіт қорапқа тиын тастағаны сол әлгі ана бетін басып айғайлап жылап жіберді. Мен ағыл-тегіл жылаған әйелді құшақтай алдым. Өз өксігіне өзі тұншыққан ана: "Тиын тастап алып, "аяғымды сүй" дейді маған! Ұлымдай бала ғой. Құдай-ай, бұл не қорлығың?! Көрсетпегенің осы ма еді?" дейді булығып. Бауырыма басын қойып, әбден жылады. Жұбата алмадым! Мүмкін емес еді... Қасынан өтіп бара жатып, тиын тастаған жігіт "аяғымды сүй" деп қорлапты...

Айтып жатыр. Жылап жатыр. Әйелдің бар ғұмыры көз алдымда өтіп жатқандай мен де өксіп тұрмын. "Сегізінші наурызда қайыр тілеп отырсам бөтен балалар гүл береді. Өз балам қайда? Қос ұлым бар еді ғой?! Үлкен ұл байдың қызына үйленіп кеткелі 20 жыл. Мені көрмегелі де 20 жыл. Оған менен гөрі зәулім сарайы қымбат. Қоңырау шалсам, қыстырмады да. Кенжем ше? Ол да балалы-шағалы келіншектің соңынан ілесіп кеткелі 10 жылдың жүзі болды, хабар жоқ. "Мама, сен же, сен жемесең мен де жемеймін" деуші еді бала күнінде. Он жылдан бері қалай ас батып жүр екен, құлыныма! Бір күні жолдың жиегінде өліп қалсам, көмусіз қаламын ғой. Әкесі де соңғы демі шыққанша ұлын күтті. Қай пейілімнен таптым? Баламды тастап кеткен көкек ана емес едім ғой" дейді ана жүрек...

..Жол жиегінде отырған ананы күніге көремін. Мені көрген сайын көзіне жас алады. "Байлаулы ит сияқты күніге осы жерге келіп отырып, алақан жайдырмашы маған! Көмектесші" деді кеше."Балаларыңызды тауып беремін" деп уәде бердім...

Құжаттары жоғалған.Тағдыры да із-түссіз. Баласы бар - бірақ жоқ! Қайран ана...


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 3685    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.07.2019, 13:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31