Қатты қиналып, тығырыққа тірелгенде не істеу керек?

Қатты қиналып, тығырыққа тірелгенде не істеу керек?

Қатты қиналып, тығырыққа тірелгенде не істеу керек?

Кез келген адамның басында шығатын жол табылмай, еңсең түсіп, өмір осымен біткендей болатын кездері болады. Сол жағдайда не істеу керек?

Осындай кездерде менің өзіме атақты Дейл Карнегидің кеңестерінің қолданамын.
Мына 2 кеңесі көп адамдарға көмектеседі деп ойлаймын.

№1 қадам.
1. Мен не жайлы уайымдап отырмын
(Мен неден қорқып отырмын)
Мысалы
Жақында қысқарту болып, мені жұмыстан шығарып тастауы мүмкін. Менің от басым ақшасыз қалады

№ 2 Елестету: Не болуы мүмкін

Осы тығырыққа жеткенде ең жаман болғанда не болатынын көз алдыңа елестетіп көр. Адамдардың үн -жұрғасының түсіп, уайымға беріліп кетуінің басты себебі ҚОРҚЫНЫШ. Көп жағдайда бізді қандай жағдайға басымызға келетінінен емес, сол туралы ой қорқытады. Өзімізге өзіміз қоюлатып, жан шошытар жағдайды көз алдымызға елестетіп аламыз да отырамыз. Шындығында осылай отыра бергеннен жағдай әлдеқайда жаман бола түседі, ал бір іс- қимыл жасасаңыз көп жеңілдеп қалуы мүмкін

Мысалы:
Кредитті жаба алмай жатырсыз, сіздің мүлкіңізді, көлігіңізді тартып алуым мүмкін. Бірақ ешкім сол үшін сізді түрмеге қамап, өлтіріп тастамайды ғой? "Все что нас не убивает, делает нас сильнее." "Бізді өлтірмеген нәрселердің бәрі бізді шынықтырады"! Амансыз, бостандықтасыз. Қимылдасаңыз бір амалын табылады
Осы сияқты мыңдаған жағдайды жазып шығуға болады.


№3 қадам - Ойлану: Не істей аламын?

Компьютерге не қағазға өзіңе 2 түрлі сұрақ қойып, содан кейін соларға жауап жазып үйрену керек.

2. Осыдан құтылу үшін не істей аламын. (Осы жағдайдан шығу үшін не істей аламын)

Бұл үшін жақсылап тұрып, қобалжымай қағазды алып алып ойланып, не істесем болады, соңынан не болуы мүмкін деген кемінде 4-5 нұсқа (вариант) жазып шығу керек.

А) Ыңғайын тауып басшымен сөйлесуім керек.
Нәтиже: Бірақ ол мені түсінбей, ұрсысып қалуымыз мүмкін
Б) Жұмыс іздейтін сайттарға хабарландыру беремін.
Нәтиже: Ол хабарландыру бойынша жұмыс табылғанша мені пәтерден қуып шығуы мүмкін
В ) Жұмыстан қашан қысқарып қаламын деп тосып отырмай басқа бір мамандықты игере бастауым керек.
Нәтиже: Қандай мамандық қазір сұранысқа ие екенін біліп, соны меңгеріп алсам, жұмыс табылып қалатынына дау жоқ.

№4 қадам: Уайымды қойып іске кірісу

Шешім қабылдап алған соң, оның нәтижесі қалай болады деп уайымдауды қойып, бірден соны орындауға кірісіп кетіңіз..
Проблеманы ойлап, қайғыра берсеңіз уайымғ қайғы басып, еңсеңіз түсе береді, түсе береді. Ары қарай ойланып, толғанудың тек зиян әкелетін кезі келеді. Арт жаққа қарамай, тәуекелге бел буатын кез бар.

Сары уайымға салына берген адам түбі ауру болады.
Тәуекел түбі жел қайық, мінесің де өтесің дейді дана  Қазақ халқы.

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста