Сен тұр - мен айтайын!

Қатында да қайын жұрт бола ма?

  • Бауыржан Бабажанұлы

    Бауыржан Бабажанұлы

Оншақты бала туып, жеткізген Байғанин жағында тұратын бір апамыздың жаңа түскен келінінің туған күнге шақырған хабарын естіп: «Ойбай, көтек, не дейт, қатында да туған күн бола ма екен?» — дегенін бұрын бір жазғанбыз. Туған күнге таңғалып жүрген сол «надан» кемпір «қатында қайын жұрт та» болатынын естісе, бірден сеспей қататын шығар, иә?
Осы күні біздің кейбір келіншектер түскен жұртын «қайын жұрт» деп атауды әдетке айналдырып алды. Осы фб бетінде де: «Қайын жұртқа бара жатырмын...», «Қайын жұртта жүргенде...» — деп әңгіме бастайтындардың біразы журналистер екені өкінішті-ақ. Осылай кете берсек, оншақты жылдан кейін әйелдердің аузымен айтылатын «қайынжұртты» «заңдастырып» аларымыз хақ. Әлгі «атырық» пен жатырықты» немесе «ортақолдың» орнына қолданылатын болған «ортаНқолды» «заңдастырғанымыз» сияқты...
Біз білетінде, қыз бала нағашыға жиен, әке-шешесінің үйінде қонақ, «жатжұрттық» саналатын. Демек, келін боп түскен жері — өз жұрты. Қазақтың қисыны дұрыс — өз отының басы, бала-шағасы өсіп-өнетін, өлгенде сүйегі шығатын шаңырақ өз жұрты болмағанда не болмақ? Нағашы — төркін — өз жұрты — әйелдің үш жұрты емес пе? Былай қарағанда, нағашыға жиен, әке-шешеге қонақ болатын қыз байғұс түскен жерін «қайын жұрт» деп есептесе, өз жұрты, яғни, «тұрақты пропискасы» жоқ біреуге айналмай ма?! Бұл жерде «Жігіттің үш жұрты бар...» — дейтін қазақтың оны әйел адамға қатысты көп пайдалана бермегенін де ұмытпаған жөн-ау. Өйткені барған жеріне тастай батып, судай сіңетін қыз баланың анау-мынау жағдайда төркіні болмаса, нағашыны паналайтын тұсы сирек...
...Так что, ана кемпірді өлтіріп алмайық, келіншектер-ау)))

Бауыржан Бабажанұлы
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 3879    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.12.2014, 08:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31