Сен тұр - мен айтайын!

Қатыным коронавирусқа қарсы шықты! (Әзіл-шыны аралас)

  • Қатыным коронавирусқа қарсы шықты! (Әзіл-шыны аралас)

    Қатыным коронавирусқа қарсы шықты! (Әзіл-шыны аралас)

Қытайдағы коронавирустың хабары шыққалы біздің үйдегі қатыннан маза кетті. Әншейінде жер қозғалса да «мәу» демейтін маубасым, жарық дүниені жаңа көргендей ән нәрсені сұрағыштап, миымды атала қылып жіберетінді шығарды. Баққаны-теледидар мен радио. Экранның арғы жағындағы әріптестерім де қызық. Атынан ат үркетін аурудан қанша адам қаза болды, қаншасы жұқтырғаны туралы салтанатты түрде хабарлап, адам шошырлық деректерді келтіріп жатқаны. Нөпір халық. Керуетте селкілдеп жатқан науқас, ызу-қию, у-шу. Құлағың тұнады.
Қатекең жаңалықтарды да құр жібермейді. Тап бір намазы қаза болатындай, ақпарат айтылар сәтте 80-дегі әкем бастап, соңын 8-дегі кенже бала қоштап, қаздай тізіліп, көгілдір экранға телміріп отырғаны. Сөйтсем..
...Сұмдығы соңында екен. Әнебір күні теңіз жағасындағы пәленбай деген ауылға садақаға барып келіп, қатыным нілдей бұзылды. Әріптерін жұтып қоятын, кетік тістерінен шыққан сөздерінен ұққаным, сол садақаға теңіздің арғы жағындағы сол баяғы пәленбай деген елден ауру жұқтырған пәленбай қатын келіпті. Қазір солар қызулап, ауырып жатқан көрінеді.
Жағдаймыз күрт нашарлады. Он шақты адамнан құралған отбасымызда төтенше жағдай жарияланды. Сабақтан келген балалар да жұмыстан оралған мен байғұс та алдымен қолымызда сабындап, жақсылап шынтаққа дейін жуамыз. Сексендегі әкем де күніне 5-6 рет дәрет алатындығына қарамай, бізбен бірге кезекке тұрады. Әсіресе, мұрнынан маңқасы арылмайтын кенже балаға қиын болды. Байғұс баланы тап бір қылмыскер ұстап жатқандай, бақадай бажылдатып, бәріміз әупірімдеп жүріп ваннадағы суға тоғытамыз.

Сырт киімдеріміз қатталып, Сүлейменнің мөрі басылып, бөлек жиналады. Алдымен бірдеңені пысылдатып, әбден ыстап алған соң, 2-3 сағат далада кептіріледі. Сосын бәріміз бәйбішемнің мүбәрәк қолынан сарымсақ жұтамыз. Шәйнауға болмайды. Дастарханның ас мәзірі де өзгерген. Жентектелген жуа, кәрістің у-қара капустасы, салаттың ана түрі, мына түрі, татып қалсаң таңдайың жағыңа жабысып қалады. Ол аз болғандай үйдің бұрыш бұрышына кәдімгі қызыл бұрыш, сарымсақ, жуа аралас дорбалар ілініп тасталған. Қоронавирусқа арақ та ем екен, дорбаға қосып іліп қойсақ қайтеді дем ем, алайда бәйбішем тарапынан бұл ұсынысым қолдау таппады.
Сонымен сөйтіп жатырмыз. Қазір қос қолымызды беріп, ағалармен амандасудан да қалып барамыз. Күні кешегі 3 шалдың сұхбатынан соң, қатыным оған да қатаң тиым салды. Қайтейін, шаршап келгенде балдарымның маңдайынан иіскейтін...анда санда бәйбішемнің алқызыл ернінен сүйетін күндерім көз алдымнан бұл бұл ұшып бара жатқандай.
Сіз қалайсыз, кіммен...әлгі коронавируспен?..

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1770    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.03.2020, 19:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30