Сен тұр - мен айтайын!

Қауіп-қатердің есебінен байып қалуды көздейтін ниеті жамандардың пасықтығына да жаның ауырады

  • Қауіп-қатердің есебінен байып қалуды көздейтін ниеті жамандардың пасықтығына да жаның ауырады

    Қауіп-қатердің есебінен байып қалуды көздейтін ниеті жамандардың пасықтығына да жаның ауырады

Қазақ қазақ болғалы талай зобалаң көрсе де, тарықса да, біржола үмітсіздікке берілмей іштей рухани медет іздеп өсіп-өнген ел. Атынан ат үркетін «оба», «сүзек» сияқты індеттің болғаны да, айналаны лаң қылып ойран салғаны да рас, оны еске түсіру үшін өткенге көз салсаңыз, мысалы жетіп жатыр. Осыған дейінгі «құс тұмауы», «шошқа тұмауы» деп те үрей ұшырған кез болған. Бірақ бұл жолғы коронавирустың – (сәтсіз аударылса да) тәжтажалдың дүниежүзін дүрліктіріп дүрбелеңге салып отырғаны да – ақиқат. Бұған бейжай қарап бейқамдық танытпаған жөн. Өкінішке қарай, кез келген жайсыз ақпараттан қазақтың ұтылар тұсы көп, себеп – мемлекеттік арналар мен жекеменшік немесе коммерциялық арналардан таратылар ақпараттың екі түрлілігі, біріне-бірі қарама-қайшы келетіні. «Е, қойшы, жау алар деймісің» дегенді айтатындарға да сенуге болады, өйткені індетті жұқтырғандардың жалпылама саны айтылғанымен науқастың атын атап, түсін түстеп бұқараны қауіп-қатерге «сендіріп» жатқаны шамалы. «Сақтанғанды сақтайды» деп алашапқын болып қап-қабымен ұн мен қантын тасып жатқанды да түсінгің келеді-ақ, себебі шетелге барып-қайту деген бүгінде көршінің үйіне кіріп бір шыны шай ішіп шыққанмен бірдей болған заман... «Сабыр түбі – сары алтын» дегенді айтқан да, түсінген де халықтың баласымыз ғой, алла ақырын, құдай түбінің қайырын берсін! Сондай-ақ осындай қауіп-қатердің есебінен байып қалуды көздейтін ниеті жамандардың пасықтығына да жаның ауырады. Мұндайда кез келген адам керісінше кісіліктен аттамай, адамгершілікті ұмытпай, бір үйдің баласындай біріне-бірі жанашырлық танытқаны жөн ғой. Олай болса, Үкімет басындағылардың ескертіп жатқан сақтық шарасын отбасыңызда да сақтаңыз. Ақыры мектептегі оқушы, колледж-университеттегі студент балаңыздан бастап сабағынан босатылғандықтан да адам көп шоғырланған жерден бас тартқызады екенсіз, демек, алдын ала жоспарлаған той-томалағыңызды да кейінге қалдыра тұрғаныңыз жөн. Мұндайда, ең алдымен, тойхана қожайындары адамшылық қасиетті берік ұстаса, той өткізбек болған әулеттің ақшасын толығымен қайтарып, келісім күнін ауыстыруға ниетті болса. Өйткені кез келген әулетте қалт-құлт еткен қария, жасы үлкен кейуана, самайы ағарған әже мен ақ сақалды ата бар. Жастардың ауруға қарсы иммунитеті мықты келгенімен үлкендер әлсірейтін көктемнің көкөзек шағы бұл. Той тойлаймын деп қуанышы қазаға ұласып, тойдан кейін садақаға шығындалып жүрмесе екен ешкім. Мұндайда сабырмен қоса төзім мен шыдамды жанға серік етіп бәрін ақылға сала білген жөн. Шайқалса да құламаған тамыры тереңге кеткен көне халықтың баласымыз, мейірім мен жанашырлықты жоғалтпай, қиын күндерде бірімізге-біріміз сүйеу бола білейік. Өзі аз қазаққа Алла жар болсын! Бүгінгі ерлік – сабыр, бүгінгі елдік – тыныштық,

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Турыс Бекжан
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 407    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30