Қай қазақ келіні атасының атын атаушы еді?

Қай қазақ келіні атасының атын атаушы еді?

КҮЙЕУДІҢ ТЕГІН АЛҒАН ДҰРЫС ПА?


Бүгін инстаграм сторизінде фамилиямды ауыстырғаным туралы айтып қалған ем, жекеме «Исламда күйеуінің тегін қабылдауға болмайды дейді ғой, сіз ауыстырғансыз ба?» деген мағынадағы сұрақтар жаңбырша жауды. ЖОҚ, мен күйеуімнің фамилиясына өтпедім. Тек өз аты-жөнімді қазақшалап, атам Шапиянның атын өмірде емес, құжатта да фамилия етіп алдым. Осыған дейінгі аты-жөнім «Алинова Марфуга Ермековна» болса, қазір «Шапиян Марфуға Ермекқызымын». Аллаға шүкір. Соңғы ауыстыруым тиіс құжат жүргізушілік куәлігім еді, оны да бүгін рәсімдеп алдым.
Ал енді тұрмысқа шыққан қызға күйеудің фамилиясын алу мәселесіне келсек. Жалпы Исламда әр бала өз әкесінің атында болуы керек делінеді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Кімде кім өзін өз әкесіне емес, өзгеге қатысты етсе ... Алланың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағнеті соған болсын» деген хадисі де бар екен (islam.kz). Әрі Пайғамбарымызға бала боп жүрген Зәйдтің кейін Алланың бұйрығымен Зәйд ибн Мұхаммед емес, Зәйд ибн Хариса деп аталғанын да білесіздер.
Алайда кейбір ғұламалар таныту мақсатында күйеуінің фамилиясын алғанның айыбы жоқ дейтін көрінеді. Соңғы шешім адамдардың өзінде, әрине.

Біздің қазақ дәстүрінде де келіннің күйеуінің фамилиясын алу үрдісі болмаған. Тек «Пәленбайдың келіні» дей келіп, шыққан тегін де айта кеткен. Фамилия ауыстыру бізге кеңестік кезеңде орыстардан келген секілді. Әйтпесе, қай қазақ келіні атасының атын атаушы еді?
Айтпақшы, жақында мынандай бір оқиғаны естіп таңғалдым. Біздің Талдықорған жақтың бір ауылына Қытайдан қазақтар көшіп келсе керек. Содан келіні кішкентай ұлын алып, құжаттарын жасатуға қалаға келмей ме? Қызмет көрсетуші келіннен фамилиясын сұрайды. Ол үндемейді. «Ұмытып қалдың ба?» десе, басын шайқайды. «Атаңның атын айтшы» деп жанына ерген кішкентай баласына жалтақтай қарайды дейді. Бала да айта қоймайды. Ақыры қанша қолқалап, «ешкім естіп тұрған жоқ қой, фамилияңды айта бер» десе де, әлгі келін құжаттарын реттемеген күйі ауылына қайтып кетіпті. Ертеңіне ересек баласын ертіп қайта келген екен. Қазақта атасының атын атаудан тартынатын осындай әдепті келіндер әлі де бар екен... Әдемі, иә?
Ал сіз тұрмысқа шыққанда фамилия ауыстырдыңыз ба, әлде өз фамилияңызда қалдыңыз ба?

 

Марфуға Шапиян
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста