Сен тұр - мен айтайын!

Қай кезде қызы мен әкесі төсек қатынасы туралы әңгіме айтып еді?

  • Қай кезде қызы мен әкесі төсек қатынасы туралы әңгіме айтып еді?

    Қай кезде қызы мен әкесі төсек қатынасы туралы әңгіме айтып еді?

Ойбаай, мынау не масқара?

О заман да, бұ заман, қыздарымыздың жыныстық қатынастары мен жүктіліктің алдын алу жолдары жайында қашаннан бері ер адамдар кездесу ұйымдастыратын болған?

Мұндай мәселелер неге ер адамның көзінше көтеріледі? Ұят емес пе?

Қай кезде әкелеріміз, ағаларымыз бізбен жыныстық қатынас туралы әңгіме айтып еді? Қай кезде қызы мен әкесі төсек қатынасы туралы әңгіме айтып еді?


Оу, Ринат Нуракбаев, сіз кімнің рөліндесіз? Қазақтың жас қыздары қашаннан бері әкесімен жасты адаммен төсек қатынасы туралы әңгіме айтатын болған? Сіз кімсіз?

Қыздарда неңіз бар? Оу, біздің кезімізде мұндай кездесулер қыздарға бөлек, ұлдарға бөлек аудиторияларда өтуші еді ғой.


Қыздар өздерінен өздері жүкті болады ма екен? Дәл осы кездесудің тәрбиелік мәні бар болса, неге ұлдармен бөлек кездеспейсіз? Неге ұлдармен еркекше, ӘКЕ рөлінде сөйлеспейсіз?


Ойбай-ау, қыздарымыз оқып жүр ма десек, сіз сияқтылармен төсек қатынасы туралы әңгіме айтып жүр екен ғой. Бұл не сұмдық? Не тәрбие?


Отбасы тәрбиесіне үлкенге құрмет, кішіге ізет, қариялардың жолын кеспеу, ұрлық, зомбылыққа бармау деген қасиеттермен байланыстырсаңыз да болар еді ғой. Бірақ төсек қатынасында, жыныстық қатынасында неңіз бар? Медицина ғылымдарының докторы, профессор болсаңыз мақұл. Психолог болсаңыз мақұл.


Рахия Турмаханбетова, мына масқараны қалай түсінуге болады? Аталған тақырыпта кездесулер ұйымдастыратындай Ринат Нұрақбаевтың қандай құжаттары бар? Қай заңға, қандай оқу стандартына негізделіп отырсыздар? Сонда біздің қыздарымызбен кез келген еркек көшеден келе салып, сексуалдық сипаты бар әңгімелер айта береді ме? Бұл масқараны қазір тоқтатпаса, ертең дәл осындай кездесулер мектеп қабырғасында өтеді деген сөз бе?



Айтолқын Кенжебекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 4763    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 23:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30