Қай мемлекет өз эфирінің 80 пайызын басқа, жат, бөтен идеологияның ығына жығып беріп отыр?

Қай мемлекет өз эфирінің 80 пайызын басқа, жат, бөтен идеологияның ығына жығып беріп отыр?

Осы Алма ТВ кабельдік операторы тұтынушы құқы дегенді біле ме екен? Біз ағылшын арналарын көру үшін қымбат пакетін алып отырмыз. Бірақ тұтынушыларды ескертпей, кейбір кино көрсететін арналардың орнына басқа ресейлік арналарды қоса бастапты. Кейбір америкалық кино арналарының орнын Viasat Россия компаниясының арналары басыпты. Жалпы, 222 арнаның 20-30 шақтысы ғана отандық арна, бірнеше ағылшынша, түрікше, тіпті, татарша және беларусь арнасы да бар. Негізгі ақпараттық экспансияны үдетіп отырған - ресейлік арналар. Алма ТВ пакетіндегі арналардың 80-90 пайызы - Ресейден, шамасы Ростелекомға қарайтын пропаганда құралдары. Жалпы, Қазақстанда тілдік талаптарды тек отандық арналарға ғана емес, кабельдік операторларға да қоятын кез келді. Ресейлік арналардың еліміздегі рейтингі Украинадағы соғыстан кейін, Еуропа, АҚШ салған санкциялардан кейін қатты түсті. Бұған себеп - көрерменнің соғысқа қарсылығынан бөлек, ресейлік салалық арналардың ( кино, саяхат, музыка, аспаздарға арналған арналар) эфирді толтыратын контенттен айырылуы. Сапалы батыс өнімдері арман боп қалды. Содан ресейлік өнімдермен толтырып жатыр, олардың сапасы еуропалық деңгейде емес. Дәл қазір соғысты дәріптеп отырған ресейлік арналардан арылмасақ, ақпараттық қауіпсіздігіміздің артынша тәуелсіз санадан да айырылып қалуымыз мүмкін. Не істемек керек?
Біріншіден, ресейлік ақпараттық экспансияға тойтарыс беру керек. Азаннан кешке дейін соғысты дәріптеп, тіпті Қазақстанның шекарасына, біртұтастығына күмән келтіретін саяси арналарды шектеу керек. Міндетті түрде саяси себеп қажет емес, оған биліктің саяси ерік-жігері де жетпейді. Бірақ техникалық ахаулар, кабельді қосатын Мырқымбайдың ауырып қалуы, интернеттің ұстамауы сияқты жүз сылтау тауып өзбек ағайындар сияқты елді ақпараттық экспансиядан сақтауға болады.
Екіншіден, Алма тв сияқты кабельдік, спутниктік операторларға ел территориясында тарататын отандық контентті 50 пайыздан асыруды міндеттеу керек. Ресей арналарының орнын Ұлттық арнаның облыстардағы бөлімшелерімен толтыра ма, әлде Шымкент, Атырауда, т.б. шығатын жергілікті арналармен толтыра ма, өз проблемасы. Бірақ шетелдік (шынтуайтында ресейлік) арналар мен отандық арналардың өзара бөлінісі 80/20 болмауы керек.
Үшіншіден, Ақпарат министрлігі қазақша кино, өнер, саяхат сияқты салалық арналарды ашқысы келетін кәсіпкерлер мен журналистерге мүмкіндік беріп, тіпті салық жеңілдіктері сияқты бонустармен демеуі керек. Қазақша ютуб арналарына да қолдау қажет. Бұл негізгі мемлекеттік саясат болуы тиіс. Байқауымша, Ресейдің ондаған кино арналары сол баяғы әлемдік бестселлер деген 100-200 шақты киноны аударып, дубляждап әр арнадан әр уақытта береді. Кезінде әлемдік бестселлер кітаптар да қазақшаланды ғой? Неге әлемдік үздік 100-200 фильмді қазақшаламасқа?
Жалпы, психологтар негатив қарамаңдар деп кеңес бермей ме? Отандық орыстілді сарапшылардың өздері ресей арналарын бес минут та қарау мүмкін еместігін айтады. Әрине телевизия өліп барады, ешкім қарамайды деушілер бар. Бірақ себебін зерттеушілер жоқ. Халық қазақша контент іздейді. Содан қазақша веб-сериалдар миллиондаған қаралым жинайды. Неге веб-сериалдардың да бөлек арнасын ашпасқа? Қай мемлекет өз эфирінің 80 пайызын басқа, жат, бөтен идеологияның ығына жығып беріп отыр?

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста