Алматының шетіндегі Наурызбай ауданына өкімет әйдік мектеп салған ғой. Құрылысшыларда жазық жоқ, пәленінші мектеп деп шекесіне қазақша жазып тастапты.
Осы мектептің тілеуін тілеп, мойнына бұршақ салып отырған ата-аналар бір таңда қараса, әлгі қазақшаның қасына орысша да жазып қойыпты.
Содан төңіректегі аздаған ата-ана жүгіріп әкімге барады, ол уқит дейді, тағы бір бастығына барады, ол суқит дейді.
Шыдам таусыла бастайды. Бүгін, 25 желтоқсанда, жексенбіде халық жиналады деген хабар тарайды.
Халық жиналады десе өкіметтің зәре-құты қалмайды осы күні. Аудандық білім бөлімінің басшысы шығып, қай тілде болатынын біз білмейміз, халық біледі, қай тілде оқимын десе де ешкімнің құқығын шектей алмаймыз деп жік-жіпар бопты.
Біріншіден, небәрі екі-үш аптада ашылғалы тұрған мектептің қай тілде болатынын білмей қапты дегенге сену қиын. Екіншіден, мемлекет өзі салған мектепте қай тілде оқытатынын өзі шешеді, мемлекет саясаты дегеніміз сол.
Орыс мектеп болсын деп жүрген бірлі-жарым қазақ бар екен.
Жақында өңкей қазақ тұратын Алатау ауданында қазақ-орыс мектебін ашып еді....
Асылхан Мамашұлы
Фейсбуктегі парақшасынан