Қай заманда да гәп ақша мен билікте емес, білім мен дарында

15 қараша 2018, 13:07

Өнерден мақрұм біреу ән айтуына орасан ақша жұмсаса да түбі күлкіге айналатыны бар. Ал енді қарапайым отбасынан шықса да әлемді әншілік дарынымен басқа бала бағындырады. Біреу қолдағы билікпен бизнесті тындырмақ болады. Аяғында өз топастығының шығынын халықтан қайтарады. Біреу керісінше ақылы арқасында жоқтан бар жасап елге игілік әкеледі. Айтпағым - қай заманда да гәп ақша мен билікте емес, білім мен дарында. Олай болса біздегі көпшілік неге алдыңғысына үнемі бас иіп, соңғысын елемеуге әуес? Өзімізден ғой бәрі.

Расул Жұмалы
Фейсбуктегі парақшасынан