Қайда барсаң да адамдар жұмыстарына қапалы. Я басшылық, я жалақы, я коллектив, я жұмыстың өзі көңіл көншітпейді деп, ірі болсын, ұлттық болсын, қарапайым жеке компанияардың қызметкерлері ренжиді. Соңғы кезде осындай адамдарды өте көп кездестірдім.
“Ұнамаса шығып кет, өмір пульты өз қолыңда ғой” деп айтайын десең, ол да орынсыз.
“Біз саған ақша төлеп жатырмыз. Сен біздің айтқанымызды істе” деп, өз сотрудниктерін өздері подставить ететін басшылар да баршылық.
Басшылар маман тапшы дейді, бірақ мамандар маман ретінде бағаланбайды. Ал мамандарға басшылық ұнамайды.
Бір кездері “У меня выгорание” деп әріптесіміз келгенде, жеке сөйлесіп, жұмыс режимін реттеп берген директорымызға қарап, аузымыз ашылған еді. Ал қазір бәрінде выгорание сияқты. Ондайда не істейді?
Соңғы кезде кадр, HR мәселесі қатты мазалап жүр. Несін жасырайын?
Фейсбуктегі парақшасынан