Сен тұр - мен айтайын!

Қайда қарасақ та жағдайы мүшкіл, азан-қазан болған ел...

  • Қайда қарасақ та жағдайы мүшкіл, азан-қазан болған ел...

    Қайда қарасақ та жағдайы мүшкіл, азан-қазан болған ел...

Өткенде зайыбымды ертіп сол жағалаудағы бір клиникаға УЗИ ға барған едік. Мен бергі жақта дәлізде күтіп отырсам қасыма 65 - 70 жасар кейуана келіп амандасып алды да мұңын шағып қоя берді.

"Менің балам ауырып жатыр еді, үй жалдап тұрамын, үйде азық - түлік бітті, мен беттің арын белге түйіп осылай қайыр сұрап жүрмін, қолыңда болса жәрдемдес балам, құдайдан қайтсын саған" деді.

Мен басында алаңсыз тыңдап отырған едім, аяқ жағында кәдімгідей аңтарылып қалдым.
Түр пішініне қарасаңыз жасы 70 ке жуықтап қалған қазақ әйелі, тәп - тәуір киініп алған. Түріне қарасаңыз жанары төменшіктеп жасқанып төмен қарайды. Қайыр сұрап тұрғанына арланатыны сезіледі..

Күйзеліп тұрғаны да көрініп тұр.

Мен сасқалақтап қолымды қалтама салдым да, "менде карточка еді, наличка бар ма екен" деп күбірлей бердім...Жанталасып іздей бастадым, кейуана үміт толы көзімен жалт етіп қарап бір жанып, бір сөнді..
Басқа қалталарымды қопара отырып бес жүз тенге ұсақ тауып алғаныма қуандым. Таптым да тағы басқа ұсақтарды қосып қолына ұстаттым. Ол алғысын айтып қала берді.
Базар емес дала емес, мынадай жерде үстіне барын киіп қайыр сұрап жүрген қазақ кемпірі...

Бағана ютубте "Бәсе" арнасына көзім түскен еді, ашығып көмек сұрап жатқан қазақ әйелдерін көріп жүрегім ауырды. Қолдарында плакат, нөмерлерін жазып азық - түлік сұрап отыр.

Ауырған науқастарымыздың қымбат операцияларына қаражат та интернет беттерінен жиналады.

Көпбалалы аналарымыз былтырдан бері әкімият үйлерін жағалап жағдай сұрап жүр. Оны да көрдік.
Қайда қарасақ та жағдайы мүшкіл, азан қазан болған ел...

Менің сұрайын дегенім;
Қазағым біз өзі қайда келдік. Құрдым деген анық осы ма?

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1287    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 15:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31